Жаңа спорт нысаны ауылдың келбетін айшықтап, ұлттық дәстүр мен заманауи инфрақұрылымның үйлесімін көрсетті. Алаң құрылысына демеушілік жасаған – Halyk қайырымдылық қоры, ал жобаны іске асыру жұмыстарына «Қызылша жер» компаниясы ұйытқы болған. Көкпар алаңы 300-ден аса көрерменге арналған трибунамен жабдықталған.
Спортшыларға арналған арнайы аймақтар мен ойын өткізуге қажетті жағдайдың бәрі қарастырылған. Енді Белбасарда тек ауылдық емес, облыстық деңгейдегі сайыстар да ұйымдастырылмақ. Жаңа көкпар алаңында өңірдің сегіз командасы бақ сынады. Олардың қатарында Меркі, «Аманат» (Белбасар), «Бірлес – Әулиеата», «Тәтті», Т. Рысқұлов, «Ақсу», «Балуан Шолақ» және «Шу» құрамалары бар.
Көрерменнің делебесін қоздырған додада Меркі командасы үздік шығып, 3 миллион теңге жүлдені қанжығалады. Ал туған жердің намысын қорғаған «Аманат» (Белбасар) екінші орынды иеленіп, 2 миллион теңгеге ие болды.
Үшінші орын «Бірлес – Әулиеата» командасына бұйырып, оларға 1 миллион теңге табысталды.
Мерекелік іс-шараға аудан басшылары, ұлттық спорт майталманы, КСРО чемпионы Әбілхан Дауылбаев, кәсіпкер және меценат Болат Сауранбаев, сондайақ Halyk қорының өкілдері арнайы келді.
Салтанатты жиында сөз алған қонақтар көкпар алаңы ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық дәстүрді дәріптеу ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа Конституция жобасы кеңінен түсіндірілді
- 26 ақпан, 2026
Елдің бағытын қалыптастыратын маңызды қадам
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




