«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Үздік оқырмандар марапатталды

Үздік оқырмандар марапатталды
Автор
Д.А. Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Әулиеата – кітап оқитын өңір» кітап оқу акциясы аясында «Кітап оқы – арманға ұмтыл!» атты үздік оқырмандарды марапаттау кешін ұйымдастырды. Кітап оқудың құндылығын арттыру, оқырмандарды рухани дамуға жетелеу және жастар арасында кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мақсатындағы іс-шара жасанды интеллект арқылы жасалған тұлғалардың кітап туралы айтқан нақыл сөздері мен кітапхана тынысы бейнеленген роликпен басталды.

Марапаттау барысында Тараз қаласының орта мектептерінің оқушылары Дулат Қасымов, Жібек Бекжанқызы, Алинұр Әбсат, Айзере Серік ынталандыру сыйлығын, Нұрсұлтан Жаңабай, Айзере Шәмен «Зерделі жас», Ақерке Қали, Айлин Болат «Кітапхананың мақтанышы» аталымдарына ие болды. Ал ең көп кітап оқыған Айша Рахымберді «Жыл оқырманы» аталымымен марапатталды.

Барлық қатысушыларға Алғыс хат, дипломдармен бірге сыйлықтар берілді.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

 

 

Ұқсас жаңалықтар