Биылғы жылдың Президент Жарлығымен Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялануы – біз секілді еңбек адамына үлкен қолдау, қоғамның көзқарасын түбегейлі өзгертуге бағытталған маңызды қадам деп білемін. Себебі, нағыз даму – нақты өндірісте, нақты еңбекте. Алоны жүзеге асыратын – жұмысшы мамандар. Біздің кәсіпорында қазіргі таңда жүздеген маман еңбек етіп, өңір экономикасының өркендеуіне үлес қосып жүр. Солардың қатарында мен де бармын.
Жұмысқа жаңадан араласқан жас маман ретінде айтарым – «TALAS INVESTMENT COMPANY» ұжымы бізге барынша қолайлы жағдай жасап отыр. Кәсіптік машықтарымызды жетілдіруге мүмкіндік бар, тәжірибелі мамандардан үйреніп, үздіксіз даму жолындамыз. Орайы келгенде, өзім еңбек етіп жүрген кәсіпорын жайлы қысқаша ақпарат бергім келеді. Себебі біздің серіктестікке де білікті, жауапкершілігі жоғары жұмысшы жастар қажет.
«TALAS INVESTMENT COMPANY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – еліміздегі натрий цианидін өндіретін жалғыз кәсіпорын. Мұнда өндірістік процестер аккредиттелген зертханада тұрақты бақылауда ұсталып, өнім сапасы жоғары деңгейде қамтамасыз етіледі. Бүгінде нат рий цианидіне деген сұраныс едәуір артқан. Осыған орай, зауыт базасында екінші өндірістік желінің құрылысы басталды. Жоба жүзеге асқанда, кәсіпорын жылына 30 мың тонна натрий цианиді мен 10 мың тонна аммоний сульфатын өндіретін болады. Бұл – еліміздің химия өнеркәсібі үшін үлкен серпін.
Жоба технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің соңғы жетістіктеріне негізделіп, толық цифрландырылған түрде жүзеге асырылады. Құрылысқа 25,8 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. Ең бастысы – бұл жоба нәтижесінде 300 жаңа жұмыс орны ашылады, бұл – біз сияқты жас мамандар үшін үлкен мүмкіндік. Өндіріс көлемінің ұлғаюы өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, отандық нарыққа жыл сайын 20 мың тонна натрий цианидін ұсынуға мүмкіндік береді.
Бұл импортты алмастыру саясатына толық сәйкес келеді. Сонымен қатар экспорттық әлеует жылына 10 мың тоннаға дейін ұлғаймақ. Міне, осындай ірі жобаларда еңбек ету біз, жас мамандар үшін – зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Бұл мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып, еліміздің өндірістік дамуына өз үлесімізді қосуға дайынбыз.
Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда замандаст арымды өндіріс саласына көптеп тарту үшін әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, біліктілікті арттыру курстары, мансаптық өсу тетіктері нақты жолға қойылуы керек. Сонда ғана біз, жас жұмысшылар, болашағын осы саламен байланыстырғысы келетін жастарға үлгі бола аламыз. Жұмысшы жастар аманаты – елге адал еңбек ету, біліктілікке ұмтылу және отансүйгіштікпен қызмет ету деп білемін. Бұл – тек жеке жетістік емес, еліміздің болашағына қосқан үлесіміз.
Жарылқасын ОСПАНОВ
«TALAS INVESTMENT COMPANY» ЖШС-нің жас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




