Аналарға арналған бұл кездесу бірбіріне қолдау көрсетудің, өмірлік тәжірибе мен жүрек жылуымен бөлісудің алаңы болды. Іс-шарада модератор, Тараз қалалық Әйелдер қанатының үйлестірушісі Жаннат Ертаева кездесудің негізгі мақсатына тоқтала келе, ерекше қажеттілігі бар балалардың аналарымен тұрақты байланыс орнату, олардың психологиялық жағдайын жақсарту, қоғамға белсенді араласуына мүмкіндік жасау қажеттігін атап өтті.
Ерекше балалардың күтімін жасайтын аналардың күнделікті өмірдегі күйзелісі, шаршау мен уайым сезімдерін жеңуде өзара қолдау мен сенімнің маңыздылығын атап өтті. Ал өңірлік Әйелдер қанатының жетекшісі Айман Әшімова партияның әйелдерге, соның ішінде ерекше балалар тәрбиелеп отырған аналарға арналған бастамалары мен жобалары туралы баяндап, мұндай кездесулердің аналарға күш-қуат беретінін, қоғамдағы өз орнын сезінуге сеп болатынын жеткізді. «Әйел-әйелге» жобасы аясында өткен шабыт сағатына ерекше балалардың аналарымен қатар, дәрігерлер, психологтар мен педагогтер қатысты.
Спикерлер — дәрігер Раушан Беркімбаева, «SERPIN» ерекше балаларды дамыту орталығының директоры Нұрилә Жақсылық, психолог және нейропедагог Ләззәт Абитжанова аналардың ішкі тепе-теңдігін сақтау, балаға эмоционалды қолдау көрсету, сенімді қарымқатынас орнату жолдары туралы кеңінен әңгімеледі. Олар ерекше балалармен жұмыс істеуде қолдануға болатын қарапайым жаттығуларды көрсетіп, аналардың өз-өзін мотивациялауы мен қажырлы еңбегінің бала дамуына тигізетін оң әсерін мысалдар арқылы түсіндірді.
Кездесуде аналар өз өмірлерінен алынған мысалдармен бөлісіп, бір-бірін тыңдап, өзара тәжірибе алмасты. Бірі баласының алғашқы қадамы мен сөзі туралы айтып, қуанышымен бөліссе, енді бірі баласының кішкентай жетістігі үлкен үміт сыйлайтынын мақтан етті. Шараның маңыздылығы – әйелдің әйелге демеу болуы, қоғамның рухани тірегі екенінде, осындай кездесулердің жүйелі түрде жиі өткізіліп тұруының қажеттілігінде болды.
Шабыт сағаты — шабыт пен мейірімнің, ана жанының түсіністік пен ынтымақтастық рухында бірігуін көрсетті. Дәл осындай басқосу Жуалы ауданында жалғасып, онда партияның аудандық филиалы әйелдер қанатының үйлестірушісі Эльмира Абишева Республика күніне орай жас аналармен «Ата заң және әйел құқығы» атты құқықтық тренинг өткізді.
«Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» дегендей әйел-ана отбасының жылулығын сақтап, ұлттың болашағын тәрбиелеп отырған дана да дархан тұлға. Отбасындағы әйелдің орны ерекше. Біз әйел затының игі ісін, мейірімін, төзімін, даналығын құрметтейміз. Әйел бар жерде жылылық, өмір бар жерде әйелдің шуағы бар. Сондықтан басқосуда жас аналар күнделікті өмірде өз құқын қорғау мақсатында қандай заңнамаларды білу қажеттілігі төңірегінде ақпараттар алды.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Еларалық қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатын сапар
- 29 қазан, 2025
Жамбыл спорты жаңа деңгейге көтеріліп келеді
- 28 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




