Алдымен партияның облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов көпшілікті мерекемен құттықтады.
– Бүгін баршаңызбен еліміз үшін аса маңызды 25 қазан – Республика күні мерекесін атап өту үшін бас қосып отырмыз. Бұл күн – қазақ халқының тарихи жадында, егемен ел болуға ұмтылған асқақ армандарында ерекше орын алатын, мемлекеттігіміздің берік негізін қалаған маңызды дата. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Бұл құжат – еліміздің тәуелсіздікке қарай жасаған алғашқы нық әрі тарихи қадамы болды. Дәл осы күннен бастап Қазақ елі өзінің дербестігін, мемлекеттік институттарын қалыптастыру, экономикасы мен мәдениетін тәуелсіз бағытта дамыту жолына бет бұрды. Сондықтан Республика күні – біздің мемлекеттік тарихымыздың, ұлт болып ұйысқан бірлігіміздің бастауы, болашаққа сеніммен қадам басқанымыздың айғағы. Біз бір тарихи күннің маңызын ғана емес, сонымен бірге болашаққа деген сенімімізді, ұрпағымыздың жарқын келешегі жолында жұмыла еңбек етуге деген ниетімізді де атап өтіп отырмыз. Республика күні – бұл тек тарихи естелік емес, бүгінгі биік мақсаттардың да символы. Бүгінгі Қазақстан – Тәуелсіздігін нығайтып, демократиялық қағидаттар мен әлеуметтік әділеттілікке негізделген қоғам құру жолында қарқынды даму үстіндегі мемлекет. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы – мемлекетті жаңғыртудың нақты жолы. Бұл реформа халықтың мүддесін қорғайтын, ашық әрі тиімді билік құруды мақсат ететін ауқымды өзгерістерді қамтиды. Міне, осындай тарихи кезеңде Amanat партиясы да ел болашағы үшін жауапкершілікті терең сезініп, халықпен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді. Біздің партияның басты миссиясы – халықтың мұң-мұқтажына құлақ асу, олардың өмір сапасын арттыру, әділдік пен теңдікке негізделген қоғам құруға үлес қосу. Бүгінгі салтанатты жиында партия қатарына жаңа мүшелер қабылданып отыр. Бұл – ерекше сәт. Өйткені бұл азаматтар ел тағдырына бейжай қарамай, Отанымыздың болашағына шын жанашыр екенін білдіріп отыр. Олармен бірге елдік мүдде жолында жұмыс жүргізетінімізге сенімдімін. Сондайақ осы мерекеде партия жұмысына белсене араласып жүрген белсенділерімізді марапаттау – олардың еңбегіне деген құрмет пен алғысымыздың белгісі. Бұл марапат – бір адамның ғана емес, тұтас қоғамға қызмет етуге бағытталған ортақ күштің нәтижесі деп білеміз. Осы айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен тұрақтылық тілеймін! Ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін! Бірлігіміз бекем, іргеміз берік болсын! – деді ол өз сөзінде.
Салтанатты жиында партия жұмысына белсене араласып жүрген бірқатар азаматтар «Партияның белсенді қызметі үшін» төсбелгісі, партия Төрағасы Ерлан Қошановтың Құрмет грамотасымен, партия Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың және партия облыстық филиалы төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар ісшарада партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партиялық билеттер табысталып, олардың ел мен қоғам дамуына белсенді үлес қосуына сенім білдірілді.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Инвестиция тарту бойынша облыс республикада үздік үштікке кіреді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




