Биыл да бас қалада өтетін «Қола домбыра» айтысының облыстық кезеңін облыс әкімдігі білім басқармасына қарасты мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шаралар өткізетін орталық пен облыстық «Айтыс ақындары мен жыршытермешілері орталығы» мекемесі бірлесіп ұйымдастырды.
Өнер сайысының ашылуында облыс әкімдігі білім басқармасына қарасты мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шаралар өткізетін орталықтың директоры Балдай Ертуғанова жас айтыскерлерге сәттілік тіледі. Ал жасөспірім айтыскерлердің өнерін белгілі айтыскерлер, мәдениет саласының үздігі Айтмұханбет Исақов және Нұрлыбек Құрманов, Дидар Басықараев бағалады. Жыр бәйгесінде республикалық оқушылар айтысының бірнеше дүркін бас жүлдегері тараздық Інжу Жаңабайдың шеберлігі көзге көрініп тұрды.
Қарсыласы Жамбыл ауданынан келген Мирас Жамалбектің: Бұлттай боп басымызға төнгендейсің, Талайды додаларда жеңгендейсің. Сізде мен түсінбейтін бір әдет бар, Неліктен кішілерге жол бермейсің, – дегеніне Інжу:
Ініге жол беретін туды ма күн,
Әр кезде жырдың айттым құндырағын.
Былтырғы жыл «Қолаға» қатысқанмен,
Арнайы жүлде алдым деп қынжыламын.
Алла жазса бас жүлде биыл алып,
Бұйырса бар шаруаны тындырамын, – деп дүйім елге уәде бергендей болды.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Інжу Жаңабайға берілсе, бірінші орынға Жамбыл ауданының жүйрігі Мирас Жамалбек лайық деп танылды. Меркілік Назгүл Ерланқызы мен тараздық Айша Сұлтанхан да жүлделі орындардан көрінді.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




