Байқауға ән және би бағыты бойынша 19 өтінім келіп түсті. Барлығы 39 ерекше бала қатысты. Олар Тараз қаласынан және Сарысу, Талас, Т. Рысқұлов, Меркі, Байзақ аудандарынан келді. Іс-шараны Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығының» мекемесінің директоры Жасұлан Әбдіманап ашып, барша өнерпаздарға сәттілік тіледі.
Облыстық «Асқар Тоқпанов» атындағы драма театрының актрисасы Аружан Райымбектің орындауындағы «Менің атым – шексіздік» монологі көрермендерді ерекше тебірентті. Байқауда бақ сынаған үміткерлердің өнерін Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармониясының әншісі, мәдениет саласының үздігі Мадина Сағымбекова, Инклюзивті білім берудегі психологиялық бейімделу орталығының үйлестірушісі Ержан Рақымбай, педагог-хореограф Ирина Костащук, облыс әкімдігінің білім басқармасы мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталықтың бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Қарлыға Қанапина, «Атпал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Гүлсара Байдуанова бағалады.
Жарысқа қатысушы талапкерлердың арасында жанды дауыста домбыра, баян, күйсандық сияқты аспаптардың сүйемелдеуімен де ән айтқандар болды. Қоларбамен би билеген жас бүлдіршіндер тіпті көрермен көзайымына айналып, ыстық ықыласқа бөленді. Қазылар алқасының шешімімен ән байқауы бойынша кіші топта Айзере Байбосын бірінші орын алса, Айсезім Берік жүлделі екінші орын иеленді. Үшінші орын Мәулен Әкімбай мен Әлижан Дүйсенәліге берілді. Ал үлкен топта Салауат Еламан жеңімпаз атанса, екінші жүлде Жансая Бердібекке бұйырды. Жүлделі үшінші орынды «Қыздар-ай» ансамблі еншіледі.
Би байқауы бойынша кіші топтарда «Өркен» арнайы мектеп-интернатының «Аса таяқ» биін билеген қыздар тобы жеңімпаз атанса, жүлделі екінші орындарға Тараз қаласының №32 орта мектебінің оқушысы Шахноза Бабажанова мен Тараз қаласы №47 орта мектебінің оқушысы Жұлдыз Айтқұл лайық деп танылды. Жүлделі үшінші орындарды меркілік Реана Әбуева мен Хамза Әбуев және «Қара жорға» биін билеген Тараз қаласы №63 орта мектебінің оқушысы Нұриман Майлыбаев және «Болашақ» мектеп-интернатының «Еркеназ» би тобы өзара бөлісті. Ал үлкен топтардың арасында Лора Ахмедова бірінші орынды иеленсе, Гүлмарал Махамбет екінші жүлдені еншіледі.
Жүлделі үшінші орынға «Өркен» би тобы ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
«Мұндай байқаудың өтуіне ұйытқы болған себебім ерекше балаларды қуантқым келді. Ұсынысымды қолдаған «Атпал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне алғысым шексіз», – дейді ұйымдастырушы журналист Құралай Сейсенбекқызы.
Есет ДОСАЛЫ
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




