Кеш барысында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің актерлік шеберлік бөлімінің студенттері «Бала Абайдан – Дана Абайға» атты көріністі көпшілік назарына ұсынды. Тараз қаласындағы №63 орта мектеп оқушыларынан құралған хор ұжымы «Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіріп орындаса, жас өнерпаз Қалижан Сәркеев Абайдың «Қалың елім қазағым қайран жұртым» өлеңін жатқа оқыды.
Жас әнші Айсана Сағындық «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады. Мұнан соң жеті аймақ бойынша хакімнің өмірбаяны мен шығармашылығына қатысты шаралар қамтылды. Мәселен, бірінші аймақта бала Абай бейнеленсе, екінші аймақта дана Абай көрініс тапты.
«Абай әлемі тұнық бұлақ» атты дәстүрлі емес кітап көрмесіне хакімді зерттеген жазушылар мен тарихшылардың кітаптары қойылып, Елен Әлімжанның «Абай таудың ар жағы мен бер жағы» атты туындысының брайль әріпіне аударылған нұсқасының тұсаукесері өтті. Кітаптың тұсауын облыстық мәслихаттың депутаттары Оралхан Дәуіт пен Керімқұл Бегалиев кесті. Келесі бір аймақ «Жас суретші көзіндегі Абай бейнесі» деп аталыпты. Мұнда жас суретшілер Абай бейнесі мен өлең жолдарын өз қиялдары бойынша қылқаламмен қағаз бетіне түсірді.
Бесінші аймақта «Абайды танимыз ба?» тақырыбымен бала Абайдың зеректігі, ойшылдығы, дана Абай дәрежесіне жеткені,өнері мен өмірі жайлы сұрақтар қойылып, оқушылар жауап берді.
Алтыншы аймақ «Әлемге танылған Абай» атты дәстүрлі емес кітап көрмесімен ерекшеленсе, жетінші аймақта «Абай – әлем тілдерінде» тақырыбымен хакімнің өлең жолдары мен қара сөздерін Қазақстан халық Ассамблеясының облыстағы өкілдері он ұлттың тілінде орындады.
Осы сәт өте әсерлі шықты. Себебі хакімнің мұралары әлемге ортақ екені нақты көрініс тапты. Мұнан соң кеш қонақтары «Дана Абайдың – дара жолы» атты әдеби бульварды тамашалады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Биыл Маралтай оқулары республикалық деңгейде өтті
- 4 желтоқсан, 2025
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




