«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«HALYK LIFE» қаржыңызды жинауға тиімді бағдарламалар ұсынады

«HALYK LIFE» қаржыңызды жинауға тиімді бағдарламалар ұсынады
Автор
Қазіргі нарық қаржылық сауаттылықты талап етеді. Бүгін еңбек етіп, тапқан табысынан салым салып жинақтау – сенімді келешек кепілі болмақ. Қазір елімізде азаматтар үшін тиімді бағдарламаларды «HALYK LIFE» сақтандыру компаниясы ұсынып отыр. Ондағы балалардың болашақтағы білім алуына қаржы жинайтын «Bilim-Life» бағдарламасы салымшыға мемлекеттік сыйақымен салған қаржысын өсіре отырып, жинақтайды. Ал «Зейнетақы аннуитеті» салымшыға өмір бойы ай сайын зейнетақы алуға мүмкіндік береді. Сол секілді «Халық-Қазына», «Болашақ-Life» өміріңізді сақтандыруға көмектеседі. Ал, «Бәйтерек» бағдарламасы қаржылық қорғауды қамтамасыз етуге, қаражатты ұзақ мерзімге жинақтауға және қосымша кіріс табуға арналған. Бұл бағдардарламалар туралы толығырақ біліп, оқырман назарына ұсыну үшін «HALYK LIFE» сақтандыру компаниясының Тараз қаласындағы филиалының директоры Лейла Зупиновамен сұхбаттастық. Қаржыгердің айтуынша, «HALYK LIFE» сақтандыру компаниясы болашақтағы маңызды істер үшін қажетті қаржыны пайыздық сыйақысымен арттырып жинақтауға да көмектеседі.

– Өмір болған соң түрлі жағдайлар болады. Қандайда бір қиын жағдайға кезігіп, адам жұмысқа жарамсыз болып, жалақысыз қалса, сақтандыру компаниясына салған қаржысына қарай төлем ала алады. Яғни, қиын жағдайда қаражатсыз қалмайды. Бүгін денің сау кезде қолда бар ақшамен қыдырып, тойлатып, мерекелегеннен гөрі келешегіңіз үшін аз да болса қаржыңызды жинасаңыз, сол олжа болмақ. Себебі, бұл – біріншіден өзін, екіншіден отбасының қамын ойлау. Жай ғана қолда жинағаннан сақтандыру компаниясына салып жинаса, өзінің белгілі пайызымен ол ақшасы көбейіп отырады. Міне, сақтандыру компаниясының тиімділігі осында. Мысалы, көлігі барлар темір тұлпарына кез келген уақытта бірдеңе болып қалуы мүмкін екенін ойлап, сақтандырады. Ал, өз өміріңіз көліктен де маңызды емес пе? Осы жағынан ойланса, өмірін сақтандыру үшін қаржы салу қиындыққа тап болғанда, қаражатсыз қалмауға үлкен көмегін тигізеді. Мысалы, көмпаниямен келісім шартқа отырған салымшы өзінің қалауына қарай 5 немесе 10-15 жылға дейінгі мерзімді таңдап, ай сайын немесе тоқсанына әлде жарты жылда бір рет ақша салуына болады. Егер сол уақыт аралығында ешқандай жағдай туындамаса, компаниядан қаржысын пайыздық өсімімен бірге алуына болады, – дейді Лейла Саитқызы.

Егер белгілі бір жағдайлармен салым сала алмайтын болса, компанияға барып, өтініш жазып, уақытша тоқтата тұруға да болады. Бірақ, сақтандыру жүре береді. Ең аз сома 10 мың теңгеден басталады. Егер клиенттің қомақты қаржысы бар болып, 10-15 жылға бірден салып қоямын десе, ондай мүмкіндіктер де қарастырылған.

Өмір бойы зейнетақы алуға «Зейнетақы аннуитеті» көмектеседі

«HALYK LIFE» сақтандыру компаниясының «Зейнетақы аннуитеті» өмір бойы ай сайын зейнетақы алуға мүмкіндік береді. Ер адамдар 55 жастан, әйел кісілер 53-55 жасқа дейінгі аралықта зенетақы қорында жинаған қаржысы сол жасқа жеткілікті сомада болса, сақтандыру компаниясына салып, «Зейнетақы аннуитеті» бағдарламасына қатыса алады.

– Егер ер адам 55 жасқа, әйел адам 53 жасқа келсе, зейнетақы қорында жиналған қаржысы бар болса, зейнеттік демалысқа шығатын 63 жасты күтпей-ақ, зейнетақысын ертерек алып, пайдалануына болады. Егер клиент зейнетақы қорындағы қаржысын сақтандыру компаниясына салуға ниеттеніп келсе, «Зейнетақы аннуитеті» бағдарламасына арналған калькуляторға салып, есептеп көрсетеміз. Біріншіден, компания беретін дивидиент бар және ай сайын есепшотыңызға тиісінше ақша түсіп тұрады. Клиенттің сомасына қарай 10 немесе 15 жылға кепілдік қойылады. Егер клиент өз ақшасын зейнеттік жасқа дейін алып бітірсе, одан ары қарайғы өмір бойына алатын төлемді сақтандыру компаниясының табысынан беріліп отырады. Өткен жылдан бастап зиянды жерде жұмыс істейтіндерге зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары түсетін болды. Сондай жұмыскерлер 40 жастан асса, 60 ай зейнетақы қорына жарнасы түскен болса, бізге келіп, келісімшартқа отыруға болады. Бірақ, ай сайынғы төлемі 50 жастан бастап жүреді, оған дейін дивидиентін ала алады. Себебі ол кісілер былтыр шыққан заң бойынша зейнеттік демалысқа 55 жастан шығады және оларға мемлекеттен, жұмыс берушіден, сақтандыру компаниясынан төленеді. Сонымен қатар, егер өзі зейнетақы қорындағы ақшасын пайдаланғысы келсе, сол ақшасы да беріледі. Ал, ол ақшасын әзірге пайдаланғысы келмесе, жинақта тұра береді. Азаматтың өз қалауына қарай 55 жастан 63 жасқа дейін жеңіл жұмысқа ауысуына да немесе әлгінде айтылған зейнетақысын алып, демалса да болады, – дейді «HALYK LIFE» сақтандыру компаниясының Тараз қаласындағы филиалының директоры Лейла Зупинова.

Әрине, «жаман айтпай жақсы жоқ», егер салымшы өмірден өтіп кетсе, сақтандыру компаниясына салған қаржысы өзінің мұрагеріне беріледі.

«Bilim-Life» - баланың кемел келешегі үшін

«Bilim-Life» – баланың білім алуына қажетті қаражатты мемлекеттік сыйлықақымен жинауға арналған үлкен мүмкіндік. Мұнда жинақтаудың барлық мерзіміне 8 пайызға дейінгі мөлшердегі кіріс кепілдендірілген. Мерзімді сақтандыру төлемдерін 8 пайызға дейін индекстеу қарастырылған. Сақтандыру шартын басқа балаға ресімдеу мүмкіндігі бар.

– Бұрын зейнетақы қоры алғаш шыққанда біраз адам «жалақымнан неменеге ұстайды?» деп ренішпен қарайтын, ал қазір соның қызығын көріп отыр. Сол секілді «Bilim-Life» та баланың келешекте қалаған мамандығымен сапалы білім алуына қажетті қаржы жинауға арналған, мемлекет тарапынан жіберілген бағдарлама. Баласының ертеңін ойлаған әрбір ата-ана мектеп бітіргенге дейін ақша жинауы керек. Жинаққа салынған ақшаға мемлекет өз пайызын, компания өз пайызын қосады. Егер бала оқуға грантпен түсе алмаса, оқуының ақысы туралы анықтаманы компанияға алып келсе, жыл сайын оқу орнына аударылып тұрады. Жинаққа салатын ең аз сома 10 мың теңгеден басталады. Енді өмір болған соң түрлі жағдайлар болады, өзіміз де талай оқиғаға куә болып жүрміз. Әрине, беті аулақ, дегенмен баласы мектеп бітіргенше ата-анасы өмірден өтіп кетсе, оның оқуы үшін салынған қаржысы пайызымен өсіп, сақтандырылып тұра береді. Яғни, ата-ана сақтандырылады, бірақ баланың үлесіне байланысты. Ал, салымды ай сайын салады ма әлде қомақты сомамен бірден салып қояды ма, ол адамның өз мүмкігндігіне қарай жүзеге асырылады.

Егер үлкен баласына арнап салғанымен ол грантпен оқуға түсіп кетсе, салымды келесі баласының атына аударуға болады. Немесе жиналған ақшаны қолына шешіп ала алады, бірақ мұндайда мемлекеттің пайызы қосылмайды, тек компанияның қосқаны мен өзінің ақшасын ғана алады. Тіпті болмаса, магистратураға немесе шетелдік оқу орнына және отбасы банктегі есеп шотына аударуына да болады. Үй алу мақсатындағы Отбасы банктегі шотына аударса да мемлекеттің үлесі қосылмайды, себебі оны мемлекет тек баланың біліміне арнап қосып отыр, – дейді «HALYK LIFE» сақтандыру компаниясының Тараз қаласындағы филиалының директоры Лейла Зупинова.

«Bilim-Life» арқылы баланың болашақтағы оқуы үшін ашылған шотқа «Келешек» бағдарламасымен 60 айлық есептік көрсеткіш, яғни бұл биыл 235 мың 920 теңге де түседі. Бұл төлемнің көрсеткіші жетім балаларға 120 айлық есептік көрсеткіш, яғни 471 мың 840 теңге көлемінде беріледі.

«Халық-Қазына» сақтандыруымен шет елдерде де ем алуға болады

Аталған сақтандыру компаниясының тағы бір тиімді бағдарламасы – «Халық қазына». Ол АҚШ долларында 4,2 пайызға дейін табыс түсіретінімен тиімді, бұл шарттың бүкіл мерзіміне кепілдендірілген мөлшерлеме. Сонымен қатар, қаржыңыз валюта бағасының ауытқуларынан қорғалады, төлем Ұлттық банктің долларды сол уақыттағы бағалауымен беріледі. Тағы бір ұтымды тұсы – осы сақтандыру арқылы шетелге барған салымшының денсаулығы сыр берсе, сол елден медициналық қызмет алуына толық мүмкіндігі бар.

– «Халық қазына» бағдарламасы банктердегі депозитке ұқсас. Айырмашылығы салым мен оның пайыздық өсуі АҚШ долларының бағамымен есептелетінінде. Мысалы, банктердегі депозитке доллармен салсаңыз, 1 пайызбен өседі, ал біздің сақтандыру компаниясында 10 жылдан жоғары уақытқа салынса 4,2 пайызбен, 2 жылға 2,6 пайызбен көбейіп отырады. Сондай-ақ, бұл жинақта салған ақшаңыз өсіп ғана қоймай, сақтандырудың ролін атқарады. Айталық, салымшы қаржысын 10 жылға салса, бірақ сол уақыт аралығында аяқ астынан қайғылы оқиғаға түсіп, қатаң ауырып қалса, салған ақшасын екі есе қылып қайтара алады. Ал, кәсіпкерлер салым салып, ісіне қаржы қажет болып қалса, 2-3 айға займ ретінде алуына болады. Бірақ, қайтадан орнына салып қояды, сонда сақтандыру жалғаса береді, – дейді «HALYK LIFE» сақтандыру компаниясының Тараз қаласындағы филиалының директоры Лейла Зупинова.

Айта кетейік, бағдарламаны салымшы тек өзі үшін ғана емес, ата-анасы, балалары немесе жұбайы үшін де рәсімдеуіне болады. Шарт 1 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге жасалады.

Біз бұл бағдарламаға қатысқан салымшылардың пікірлерін де саралап көрдік. Мәселен, бір салымшы мұндағы тек табыс емес, өмірді сақтандыратынына мән береді. Сонысымен де бағдарламаны отбасы, балалары бар адамдар үшін маңызды деп біледі. Сондай-ақ, банк салымына «Халық-Қазына» өзіндік артықшылықтарымен жақсы балама деп ойлайды.

«Бәйтерек» – өмірді сақтандырумен қатар ұзақ мерзімге қаражат жинап, кіріс табуға арналған

«HALYK LIFE» сақтандыру компаниясының және бір бағадрламасы – «Бәйтерек». Бұл қаржылық қорғауды қамтамасыз етуге, қаражатты ұзақ мерзімге жинақтауға және қосымша кіріс табуға арналған. Бұның тиімділігі сақтандыру қорғанысының кең таңдауында және қорғанысын тәулік бойы қолдану мүмкіндігінде. Сонымен қатар, «Бәйтерек» бағдарламасы арқылы шот ашқан адам сақтандыру дивидендтерін бөле отырып, компанияның кірісіне қатыса алады. Сондай-ақ, клиент ақша қажет болған кезде сақтандыру полисі бойынша сатып алу сомасын кепілге қойып, қарыз алуына да болады. Бұл бағдарламамен отбасының 2 жастан бастап кез келген мүшесін сақтандыра алады. Салымшы сақтандыру кезеңін де өз мүмкіндігіне қарай таңдайды. Мысалы, ай, тоқсан, жарты жыл, бір жыл сайын немесе қомақты қаржысы болса, бір жолғы рет салады.

Бұл бағдарламада қосымша өтемдердің бірнеше түрі қарастырылған. Салымшы солардың біреуін немесе бірнеше түрін таңдап, біріктіре алады. Сақтандыру өтемдеріне тоқталсақ, жазатайым оқиға салдарынан болған сақтандырылушының қайтыс болуы және бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда, дене жарақатын алуына әкеп соқтырса, қиын жағдайдың салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз болып қалса қосымша өтем беріледі. Сонымен қатар, жазатайым оқиға салдарынан алғашқы екі жыл ішінде, ал сақтандырудың үшінші жылынан бастап кез келген себеппен, сақтандыру жарналарын төлеуден босатыла отырып, сақтандырылушыға мүгедектік тағайындалған жағдайда сақтандыру өтемі тиесілі болмақ. Сондай-ақ сақтандырылушы ауыр сырқатқа, яғни мүгедектікке әкелетін және өлім-жітімнің өте жоғары деңгейімен сипатталатын онкологиялық аурулар, миокард инфарктісі, инсульт, бүйрек жеткіліксіздігі және басқа да осындай дертке шалдықса, сақтандырылушының өмір салтын айтарлықтай бұзатын және өмір сүру сапасын нашарлататын ауруға душар болса да өтемге ие болады. Төлем сақтандырылушының ауыр сырқаты, симптомы алғаш рет сақтандыру шартының қолданылуы басталған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен ерте емес мерзімде диагноз қойылған жағдайда, егер сақтандырылушы ауруды диагностикалау сәтінен бастап күнтізбелік отыз күн өмір сүрген жағдайда жүзеге асырылады.

«Болашақ-Life» қиналғанда қаржысыз қалудан сақтайды

«Болашақ-Life» – балалар тәуелсіз өмірге қадам басқан кезде оларға қажетті бастапқы капиталды құрудың негізі. Егер ата-анасының денсаулығы қатты нашарлап кетсе немесе кенеттен жазатайым оқиға орын алса, балаларының болашағына осы бағдарламамен салған қаржысы көмектеседі. «Болашақ-Life» бағдарламасымен шот ашқан тұлға компанияның кірісіне қатыса отырып, баланың пайдасына жинақтаушы сақтандыру шартын жасасады.

Аталған бағдарлама баланың кәмелеттік жасқа жету сәтіне 4 пайызға дейінгі көлемде кепілдендірілген кіріспен қаражатты жинақтауға септігін тигізеді. Сақтандыру дивиденттерін үйлестірумен компанияның кірісіне қатысу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ ата-анаға салық жеңілдіктері қарастырылған, яғни салық салынатын кіріс азайтылады. Бұл бағдарламаға қатысушы да ақша қажет болған кезде сақтандыру сомасын кепілге қойып, қарыз алуына болады.

Бұл бағдарламада қосымша өтелімнің 10 түрі қарастырылған. Мұнда да кез келген жағдайдың салдарынан немесе жазатайым оқиғадан қайтыс болу немесе кенеттен кездескен қиындықтың себебімен бірінші немесе екінші топтағы мүгедегі болып қалу, дене жарақатын алу секілді аяқасты тап болатын қауіп-қатерлерге душар болғанда қосымша өтелім беріледі.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар