Аталған іс-шара жастардың тұрақты дамуы, жасанды интеллект және автоматтандыру мәселелеріне қатысты ұтымды идеяларының алаңына айналды. Интеллектуалды марафон мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттерін біріктіріп, олар технология, ғылым және экология тоғысындағы өз жобаларын ұсынуға мүмкіндік алды. Қатысушылар заманауи қаланың нақты мәселелерін шешу арқылы креативтілік, аналитикалық ойлау және білімді тәжірибеде қолдану қабілеттерін көрсетіп, түрлі тәсілдерін ұсына білді.
Айта кетерлігі, облыста бұл жарысқа қатысуға ниет білдірген Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университеті, Менделеев университетінен және Тараз инновациялық көпсалалы колледжінен, жалпы саны 19 команда тіркеліп, іріктеуден өтіп, облыстық Хакатонға 9 команда қатысты. Сөйтіп, облыстық байқауда Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студенттерінен жасақталған «JARYQ» командасы жүлделі 1 орынды иеленіп, республикалық Хакатон байқауына жолдама алды.
– Бұл іс-шара Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында айтылған алдағы үш жылда Цифрлы Қазақстанға айналуымызға негіз болар басымдықты қолдау болып отыр. Президент «Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр. Басқаша болуы мүмкін емес. Себебі бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертуде. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуіміз керек. Әйтпесе артта қалудың салдары өте ауыр» деді. Байқау осы қағидаттарды ұстанып, жастардың бойына жаңашылдықты сіңіре отырып және Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес өткізілді. Бұл бастама еліміздің инновацияға, цифрлық сауаттылыққа және тұрақты дамуға басымдық беретін бағытын айқындап отыр. Өйткені, жастардың байқауға қатысуға деген қызығушылығы артып, белсенділігі жоғары екенін шара барысында байқадық. Жалпы, әлемде бұл ойынға қатысуға түрлі елдерден 100-ден астам университет пен білім беру ұйымдарының, сондайақ 5 мыңнан астам студент пен оқушының қатысуы күтіледі. Агрохакатонға 200-ге жуық команда қатысып, қалалық ортаның тиімділігін арттыруға, «ақылды» технологияларды дамытуға және экологиялық бастамаларды қолдауға бағытталған шешімдердің прототиптерін ұсынады. Біздің жеңімпаздар республикада да жүлделі болып, әлемдік жарысқа жолдама алады деген ниеттеміз, – дейді «Aуыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұржан Мүслімов.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




