«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Рухани келісім – татулық тірегі

Рухани келісім – татулық тірегі
Автор
Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 18 қазан – Рухани келісім күніне орай «Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы» айлығы аясында «Құндылық кілті – келісім мен татулық» атты облыстық діни басқармасы мамандарымен жиын өтті.

Басқосуда облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб – имамы Бақтияр Әміреев Рухани келісім күнінің маңыздылығына кеңінен тоқталып: «Рухани құндылық басты қажеттілік. Ізгілік, имандылық, адалдық, әділдік секілді асыл қасиеттердің бәрі де рухани құндылықтан бастау алады. Рухани келісім ұлт таңдамайды. Ол – барлық ұлт өкілдеріне ортақ дүние. Сондықтан, ұлт өкілдері арасындағы татулық та басты мақсат. Еліміздің бірлігі мен ынтымағы арта берсін», – деді.

Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан діннің рухани әлеуеті мен шынайы мазмұны адамзат өміріне терең рухани мағына дарытатын, өркениет шыңына жетелейтін кең өрісті дүниетанымнан бастау алатындығы туралы әңгіме қозғалды. Атап айтқанда, Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінің Бас имамы Ержан Аманбаев, дін проблемаларын зерттеу орталығының психологы Жанна Қалдыбаева имандылық пен ізгілік жайлы құнды ойларымен бөлісті.

Айтылған тағылымды сөздерге М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері де қызығушылық танытты.

Жиында айтылған ұлағатты сөздерден қатысушылар үлкен әсер алғаны анық.

 

Есет ДОСАЛЫ 

Ұқсас жаңалықтар