Атап айтар болсақ, партия белсенділері жастардың білімін жетілдіруде тың бастамалар ұсынып жүр. Мысалы, жастардың саяси білімін жетілдіріп, оларға «Re.Politiq» оқыту курсын толық тәмамдаған арнайы сертификаттар табысталды. Бұл бастама партияның жас буынға саяси мәдениет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдарының бірі. Жуырда партия белсенділері Т.Рысқұлов ауданында да маңызды кездесу өткізді.
Партияның облыстық филиалының төрайымы Айнұр Шайзханқызы мен облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Талғатұлы аудан әкімі Ернар Серікәліұлымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы төңірегінде пікір алмасты. Басқосуда тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, жол және ауыз су мәселелері, сондайақ білім мен денсаулық сақтау саласындағы өзекті тақырыптар талқыланды. Кездесу соңында тараптар бірлесіп жұмыс істеу және тұрғындардың нақты ұсыныстарын жүзеге асыру жөнінде келісімге келді.
Партияның әлеуметтік бағыттағы жұмысы да назардан тыс қалған жоқ. Т.Рысқұлов ауданында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған «Біліммен жарқыраған жетістік» атты байқаудың қорытындысы өтті.
«Respublica» партиясы облыстық филиалының төрайымы Айнұр Келімбетова мен облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Темірхан балаларға сыйлықтар мен оқу құралдарын табыстап, ерекше қамқорлық танытты.
– Біздің қолдауымыз бен мотивациямыздың арқасында бұл ерекше балалар ертеңгі күні вундер киндтермен Нобель сыйлығының үміткерлері атануы әбден мүмкін. Мұндай игі шаралар балалардың бойында сенім мен шабыт ұялатып, олардың қоғамға бейімделуіне зор ықпал етеді, – дейді партия филиалының төрайымы Айнұр Шайзханқызы.
Партия белсенділері Тараз қаласында партияның аймақтық кеңесін өткізіп, онда Кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында көтерілген негізгі бағыттарды талқылап, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша ашық пікір алмасты. «Respublica» партиясы – халықпен тікелей жұмыс істейтін, пікірталастан қашпайтын және әр саланың өкілдерін ортақ мақсатқа біріктіретін саяси күш екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жиында мәслихаттағы бос орындарға жаңа кандидаттар ұсынылып, партия қатары жаңа мүшелермен толықты. Белсенді азаматтар марапатталып, қоғамға пайдалы бастамалар көтерілді. Партия қызмет ін ің тағы бір бағыты – жастар саясаты. «Respublica» партиясының Жаст ар бірле стігі мен Тараз сервис және технология колледжі арасында екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжат жастарды кәсіпкерлікке, волонтерлікке және қоғамдық белсенділікке баулуға мүмкіндік береді. «ReUrpaq» жастар бірлестігі колледж студенттерімен кездесу өткізіп, ұйымның мақсатміндеттері мен атқарылып жатқан жұмыстары туралы айтып берді.
Жастар өз ұсыныстарын білдіріп, қоғамдық істерге белсенді қатысуға ниет танытты. Партия өкілдері ғылыми ортамен азаматтық қоғаммен де тығыз байланыс орнатуда. Мысалы, Тараз қаласында М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде өткен ғылыми-практикалық конференцияда «Respublica» партиясы филиалының өкілдері конституцияның саяси партиялар қызметіне беріп отырған кепілдіктері мен көппартиялық жүйенің қоғамды демократияландырудағы рөлін атап өтті.
Конференция қорытындысы бойынша конституцияның мемлекет тұрақтылығымен өркендеуінің басты негізі екені айқындалды. Ал Жуалы ауданында дүниежүзілік туризм күніне арналған «Көксай жүрегі» фестивалін ұйымдастырған белсенділер Айнакөл мен Көксай шатқалының табиғи сұлулығын насихаттап қана қоймай, экологиялық мәдениетті арттыру мен салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталды.
Партия өкілдері жастармен бірге фестивальге қатысып, өңірдің туристік әлеуетін дамыту жолдарын талқылады. Сонымен қатар партия ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді де назарда ұстап келеді. Атап айтар болсақ, 2023 жылы облыстағы су тапшылығынан зардап шеккен шаруалардың проблемасын Мәжілістегі «Respublica» фракциясы көтерген болатын. Нәтижесінде Үкімет резервінен 450 миллион теңге бөлініп, «Жасөркен» су бекетін қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Биылға дейін өңірде 14 жаңа су қоймасы салынып, 55 мың гектар жер қайта суармалы егінге қайтарылады. Бұл бастама партияның аймақтық деңгейде нақты нәтиже көрсете алатынын дәлелдеді. Жалпы, облыстағы «Respublica» партиясының қызметі – саяси мәдениетті нығайту, азаматтардың белсенділігін арттыру және нақты мәселелерді шешуге бағытталған жүйелі жұмыс. Халық сенімін басты құндылық деп білген партия бұдан әрі де өңірдің өркендеуі мен елдің тұрақтылығы жолында нақты істерді жалғастыра бермек.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Инвестиция тарту бойынша облыс республикада үздік үштікке кіреді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




