Форумның ашылуында жаратылыстануматематикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Гүлнұр Мақсұтова осы білім ошағының озық тәжірибесін ауыл мектептеріне енгізу мүмкіндіктерімен бөлісті. Алқа отырысында үздік жұмыс көрсеткен мектеп басшылары тәжірибелерін ортаға салды.
Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясы тірек мектебінің директоры Әсел Қуатова «Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін деректерді талдау – мектепішілік бақылаудың тиімді тетігі» тақырыбында баяндама жасады. Тірек мектеп жағдайында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту тетіктерін Жуалы ауданындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №15 тірек мектеп-лицейінің директоры Руслан Сайлаубаев мәлімдеді. Құндылықтарға негізделген мектепішілік шығармашылық ортаның оқушының тұлғалық дамуына ықпалы жөнінде Жамбыл ауданындағы №1 тірек мектеп-гимназиясының директоры Ақерке Тлебалдиева сөз етті.
«Уақытпен Үндескен Мектеп: Кеше және Бүгін» тақырыбында Мойынқұм ауданындағы Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің директоры Шарбат Кашкимбекова баяндап, тірек мектебінде сапалы білім үшін қолданылатын әдістерді Сарысу ауданындағы Балтабай Адамбаев атындағы тірек орта мектебі директорының орынбасары Айсұлу Көлбаева әңгімеледі.
Алқа отырысынан соң форумға қатысушылар «Басқару және бақылау», «Сауаттылық және сапа», Құндылықтар және шығармашылық» тақырыптарын көтерген шеберлік сыныптарына қатысты.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




