Байқауға Астана қаласынан және еліміздің әр аймағындағы телеарна, радио, сайттардан 186 үміткер қатысқан. Солардың арасынан Жұлдыз Асқарқызының жолдаған жұмысы топ жарып отыр.
«Бас жүлде аламын деп ойламадым. Әйтпесе, айтар ойымды жұптап, дайындық жас айтын едім. Бұйырған кетпейді екен. Бұл жүлде менің ғана емес, облыстық «Jambyl» телеарнасының және жамбылдық барша журналистердің жеңісі. Аймақ сенімін ақтағаныма қуаныштымын», – дейді Жұлдыз Бейсек.
– Жұлдыздың жеңісі үшін өте қуаныштымын. Бұл телеарнамыздың үлкен олжасы. Үнемі ізденіп, жаңашыл қадамдарға ұмтылып жүрген Жұлдыздың еңбегі ақталды. Әрқашан мерейі үстем болсын, – дейді «Jambyl» телеарнасының бас директоры Гүлбаршын Құланбаева.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жұлдыз Асқарқызы журналистігімен қоса өлең жазып, жеке шығармашылығын дамытып жүрген талант иесі.
«Іңкәр – Ғазал», «Мен сенің көктеміңмін», «Сүйші...» атты жыр жинақтары оқырманның оң бағасын алған. Жұлдызды жұлдызды жеңісімен құттықтап, деніне саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




