«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Балалар денсаулығын нығайту – басты назарда

Балалар денсаулығын нығайту – басты назарда
Автор
Бүгінгі бала – ертеңгі ел иесі. Олардың денсаулығын қорғап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету – болашаққа салынған жарқын жол. Мәселен, Қордай аудандық орталық ауруханасында балалардың құқықтарын қорғау бағытында іске асырылып жатқан шаралардың тиімділігін кешенді зерделеу мақсатында облыс орталығынан жұмыс тобы іссапармен барды.

Делегация құрамына балалар денсаулығы проблемалары ұлттық орталығының жетекші мамандары кірді. Реаниматолог дәрігер Данияр Хусаинов, пульмонология бөлімінің меңгерушісі Назгүл Жанұзақова, ана мен бала денсаулығы, сондай-ақ анадан балаға жұғатын инфекциялар жөніндегі басқарма дәрігері Елена Антонова жұмысшы топ құрмында жіті жұмыс жүргізді. Іссапар барысында әлеуметтік тұрғыдан қолайсыз отбасыларға қатысты әзірленген кейстерді жан-жақты зерделеу және тексеру жұмыстары жүргізілген.

Бұл тәсіл патронаждық қызметтің жүйелілігі мен сапасын терең бағалауға, балалардың денсаулығына әсер ететін негізгі қауіп-қатер факторларын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, осы іс-шарада алғашқы медициналықсанитариялық көмекті күшейту бағдарламалары аясында мақсатты топтарға жүргізілетін патронаждық бақылаудың стандарттарына мониторинг жасалған.

– Қордай ауданы бойынша стационар ескі, жөндеуден өткізу керектігі байқалады. Ол адам денсаулығын қорғауға қызмет ететіндіктен, бұл мәселе назардан тыс қаламуы керек деп ойлаймын. Ал медициналық көмек жақсы деңгейде жүргізіліп жатыр,– дейді Назгүл Таупихқызы.

Жұмыс тобының мүшелері алынған деректер мен ұсыныстарды патронаждық қызметтің тиімділігін арттыруға және денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды құрал ретінде атап өтті. Бұл ісшаралардың стратегиялық маңызы зор, өйткені олардың негізгі мақсаты – балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, нәресте және бала өлімжітімін төменде.

 

Қамар ҚАРАСАЕВ

 

 

Ұқсас жаңалықтар