Енді онкоорталықтың дәрігерлері ісік тіндерінің цифрлық бейнесін жылдам әрі ыңғайлы түрде зерттеп, өзара пікір алмаса алады. Нақты диагноз қою үшін қашықтан кеңес алуға жолдауға мүмкіндік туды. Жүйенің басты жаңалығы – Санкт-Петербургтегі Клиникалық морфологиялық диагностика жөніндегі ұлттық орталықпен тікелей байланыстың орнауы. Осы серіктестік арқылы күрделі жағдайлар бойынша сараптамалық қорытынды бар болғаны үш күн ішінде дайын болады.
Бұған дейін күрделі диагноз қою қажет болғанда, тін үлгілері Алматыға жіберіліп, нәтижені күтуге алты айға дейін уақыт кететін. Мұндай кешігулер диагнозды уақытылы қою мен емдеуді бастауда елеулі қиындықтар туғызатыны жасырын емес. Енді телепатологияның көмегімен мамандар қысқа мерзім ішінде жоғары деңгейлі сараптамалық қорытынды алып, дәл әрі тиімді емдеу тактикасын таңдай алады.
Сонымен қатар, зерттеулердің цифрлық форматта жүргізілуі мәліметтерді ұзақ уақыт сақтап, бұрынғы нәтижелермен салыстырып отыруға мүмкіндік береді. Бұл – дерттің даму динамикасын бақылау мен емдеу тәсілін дер кезінде түзетуде аса маңызды. Онкоорталық директоры Жандос Сейдахметовтың айтуынша, телепатология жүйесінің іске қосылуы – аймақтағы онкологиялық көмек сапасын арттырудағы үлкен қадам.
«Бұл – пациенттердің уақытын үнемдеумен қатар, отандық және шетелдік жетекші орталықтардың мүмкіндіктерін біріктіре отырып, нақты диагноз қою мен тиімді ем жүргізуге жол ашатын инновациялық технология», – деді дәрігер.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




