Жиынды кеңе с төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Жұмахан Тәңкебаев ашып, аймақтағы спорт мекемелерінде зерделеу жұмыстарын жүргізген жұмысшы топтың жетекшісі Қасымхан Төлендиев қысқаша хабарлама жасады. Бұдан соң облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов басқарма жұмысы мен спорттық мекемелердегі атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Бүгінде аймақта 79 спорт мекемесі бар болса, 56 спорт мекемесі тікелей басқармаға қарайды екен.
– Басқармаға бағынысты спорт мекемелерінде 29872 спортшымен тұрақты түрде 1195 жаттықтырушы жұмыс жүргізуде. Облыста спорттың 85 түрі қамтылған. Жыл басынан түрлі республикалық және халықаралық жарыстарда жамбылдық спортшылар 1 197 медальға ие болды. Оның ішінде 387 алтын, 318 күміс, 492 қола. Бүгінгі күнге облыста жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар қатары 511 мың адамға немесе облыс тұрғындарының 41,9 пайызына жетті. Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі облыс бойынша 2023-2027 жылдарға арналған ісшаралар жоспарында спорт саласына қатысты 5 негізгі тармақ көзделген. Спорт нысандарының құрылысы бойынша 2025 жылға өңірде 5 спорт нысанын салу жоспарланған. Бүгінде Қордай ауданы Қарасай ауылында 1 спорт кешені қолданысқа берілді. Жуалы ауданының Көлтоған және Қарасаз ауылдарындағы спорт кешендерінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында ангар типтес спорт залы және Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылындағы спорт кешендерінің құрылысы 2026 жылға өтпелі. Спорт секцияларын ашу бойынша 2025 жылға облыс бойынша 27 жаңа спорт секциясын ашу жоспарланған. Ағымдағы жылдың басынан бері 25 секция ашылып, жоспар 93 пайызға орындалды. Жоспар жыл соңына дейін толық орындалады. Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарын ашу бойынша биыл Мойынқұм, Сарысу, Шу аудандарында және Тараз қаласында 4 клуб ашу көзделген. Биыл облыс көлемінде кемінде 3000 спорттық және бұқаралық іс-шара өткізу жоспарланды. ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша 3171 іс-шара өткізіліп, 299 мың адам қамтылды. Жоспар толығымен орындалды. Сондай-ақ жоспарға сәйкес 2025 жылы әр аудан мен қалада 1 нұсқаушыдан енгізу көзделген болатын, барлығы – 11 маман. Қазіргі таңда облыс бойынша 307 спорт нұсқаушысы қызмет атқарып отыр. Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында облыста спорт инфрақұрылымын дамыту, бұқаралық спортты кеңейту және спорт нұсқаушыларын көбейту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспары басқарма тарапынан бекітілді. Бұл жоспарға сәйкес сала қызметіндегі ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылғы 30 қаңтардағы №32/1-н/қ бұйрық негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылып, жұмысын бастады. Аталған топ қызмет барысында қолданыстағы құқықтық актілер, ішкі құжаттар, персоналды басқару, мүдделер қақтығысы, мемлекеттік қызмет көрсету және қаржылық-шаруашылық қызмет бағыттарындағы тәуекелдерге терең зерделеу жүргізді. Азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдап, азаматтық өтініштердің уақытылы әрі сапалы қаралуын қамтамасыз ету басты назарда. 9 айының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардан 166 жолданым түскен, оның 79-ы қанағаттандырылып, 19-ы тиісті мекемелерге қайта жолданды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» талаптарының орындалуы тұрақты бақылауда. 2025 жылдың 6 наурызында облыс әкімі аппаратының басшысы Л.Ілебаевпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі бекітіліп, осы кестеге сәйкес басқарма «Битрикс» жобалық ақпараттық жүйесі арқылы төмендегі тапсырмаларды тоқсан сайын енгізіп отырады. Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат мақсатында облыс көлемінде 81 бұқаралық спорттық іс-шара ұйымдастырылып, оған 6500-ден астам адам қатысты, – деді басқарма басшысы.
Жиында қоғам қайраткері Қасымхан Төлендиев облыс орталығында тараздықтар үшін спорттың барлық түрімен айналысуға қолайлы болып отырған қаланың батыс аумағындағы «Тараз-Арена» секілді жаңа спорт кешені керектігін алға тартты. Өйткені бүгінде қаланың солтүстік-шығыс аумағында жаңа шағынаудандар бой көтеріп, халықтың бұқаралық спортқа деген сұранысы да артып келеді. Бұл ұсынысты кеңес мүшелері қолдады.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




