«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«AUYL JASTARY» ФОРУМЫ жарқын бастамаларға жол ашты

«AUYL JASTARY» ФОРУМЫ жарқын бастамаларға жол ашты
Автор
Жуырда Түркістан облысы Нысанбек ауылында республикалық «Auyl Jastary» форумы өтіп, оған еліміздің түкпір-түкпірінен қоғамдық өмірде белсенді жастар шақырылды. Жастардың басын қосқан ауқымды жиынға жамбылдық жастар да қатысып қайтты.

Шара еліміздің әр өңірінен келген белсенді ауыл жастарын біріктіретін кең ауқымды пікірталас алаңына айналды. Жас азаматтардың бастамаларын қолдау, олардың көшбасшылық әлеуетін ашу, өңіраралық ынтымақтастықты нығайту және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында белгіленген мемлекеттік басымдықтарды іске асыруға жастарды тартуды мұрат еткен форумда «Auyl» партиясының төрағасы Серік Егізбаев сөз сөйледі.

– Бұл форум – еліміздің түкпіртүкпірінен келген жас буынның басын қосатын, ой-пікірін ортаға салатын, алдағы мақсат-міндеттерін айқындайтын маңызды алаң. Форумға қатысып отырған әрбір жас ауылға деген ыстық ықыласпен, туған жеріне адалдық сезімімен келгеніне сенімдімін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында. Бүгінгі таңда жүзеге асып жатқан барлық реформа ең алдымен жастар үшін жасалуда. Ертеңгі күні осы игілікті пайдаланып, елді алға жетелейтін де – сіздер. Мен үшін жастар – нағыз шабыт көзі!», – деп айтқан. Ауыл партиясы да өз қызметінде ауыл жастары мен өңірлік жастардың дамуына ерекше назар аударады. Осы бағытта партиямызда жастардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, креативті идеялары мен инновациялық бастамаларын қолдауға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап өтетін болсақ, партияның 25 жылдығына арналған «Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз» дебат турнирі өтті. Турнирдің іріктеу кезеңіне 17 аймақтан мектеп оқушылары, студенттер, жалпы 1 200 жас қатысты. Сондай-ақ «Кітап – руханият өзегі» республикалық акциясы аясында ауылдық кітапханаларға 30 000-ға жуық жаңа кітап тарту етілді. Бұл бастама ауыл жастарының білімін көтеруге, мәдени кеңістіктегі тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталды. Бұдан бөлек, студенттер арасында «Инновациялар. Тұрақтылық. Болашақ» атты хакатон ұйымдастырылып, 21 оқу орнынан 175 жас өз жобаларын ұсынды. Тастан Мирас, Бекмұрат Диас, Нүрпиіс Кәусар секілді хакатонға қатысқан белсенді жастарымыз бүгінде арамызда отыр. Үздік идеялар қаржылай қолдауға ие болып, жастардың жаңа бастамаларға деген ынтасын арттырды. Осы форумға қатысып отырған сіздер осы жобалардың табысты өтуіне өз үлестеріңізді қостыңыздар, сол үшін де сіздерге шынайы ризашылығымды білдіремін. Дегенмен осы жетістіктермен шектеліп қалмай, алдағы уақытта да бірлескен жұмыстарымызды жалғастырып, жаңа бастамаларға бірге атсалысады деп сенемін. Ең алдымен, баршаңызды еліміздің болашағы үшін аса маңызды бағыттардың бірі – жасанды интеллект пен цифрландыру саласына белсене атсалысуға шақырамын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылғы Жолдауында жасанды интеллект пен цифрландырудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, Үкіметке экономиканың барлық негізгі салаларын жаңғырту үшін жасанды интеллектіні кең көлемде енгізу жөнінде нақты тапсырма жүктеді. Бұл – еліміздің алдағы үш жыл ішінде цифрлық державаға айналуына жол ашатын маңызды қадам. Осы орайда жастардың белсенділігі ерекше маңызды. Жаңа білімді тез меңгеріп, инновациялық идеяларды жүзеге асыруда жастардың орны бөлек. Сіздерді осы жаңа технологияларды үйреніп, ауыл өмірі мен ел дамуына үлес қосу үшін бірлесе күш жұмсауға шақырамын. Партиямызда Креатив және жастармен жұмыс департаменті белсенді жұмс істеуде. Бұл департамент жастардың бастамалары мен шығармашылық идеяларын қолдауға, оларды нақты жобаларға айналдыруға бағытталған. Егер сіздердің қандай да бір үздік, мықты идеяларыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, біз оларды бірге жүзеге асыруға әрқашан дайынбыз. Бастамашылдық танытып, өз ойларыңызбен бөлісіңіздер – біз сіздермен бірге елдің цифрлық болашағына үлес қосатын табысты жобаларды іске асыруға ниеттіміз. Келесі маңызды бағыт – жастарға арналған бағдарламалар. Ауыл – елдің тірегі. «Ауыл дамымаса, ел дамымайды» деген сөздің астарында терең мағына жатыр. Ауылдарымыздың гүлденуі – тек ауыл тұрғындарының ғана емес, жалпы еліміздің әлеуметтікэкономикалық дамуының негізі. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамыту, аграрлық секторды жаңғырту – ұлттық мақсаттарымыздың басты бағыттарының бірі. Қазіргі таңда ауылды дамытуға бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылып келеді. Сіздерде аграрлық сектор мен ауыл шаруашылығында жаңа бастамаларды қолға алып, жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Мысалы, «Дипломмен – ауылға», «Кең дала», «Агро бизнес», «Іскер», «Ауыл аманаты» сияқты түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Осы бағдарламаларды тиімді іске асыру арқылы біз ауылды жайлы, экономикасы дамыған, әлеуметтік жағдайы жоғары өңірлерге айналдырып, еліміздің жалпы дамуына қосар үлесімізді молайта аламыз. Сондықтан да баршаңызды ауыл шаруашылығына және ауылды дамытуға қатысты жаңашыл бастамаларды қолдап, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, ауылдың гүлденуіне үлес қосуға шақырамын. Үшінші бағыт – ол Рухани құндылықтарды сақтау. Партиямыз әрқашан ұлттық құндылықтарды сақтау және дамыту бағытын ұстанады. Бүгінде біз үшін ең маңызды міндеттердің бірі – отбасылық құндылықтарды қорғау, үлкендерге құрмет көрсету, ұлттық киімдер мен бірегейлігімізді сақтау. Бұл құндылықтар – біздің мәдени кодымыздың негізі. Ұлттық бірегейлік – бізді басқа ұлтт ардан ерекшелейтін басты факторлардың бірі. Оны сақтай отырып, біз өзіміздің ұлттық болмысымызды айқындаймыз және әлемге өз мәдениетімізді танытамыз. Егер әрбір отбасы өз балаларын ұлттық құндылықтар мен әдет-ғұрыптарға тәрбиелесе, ел болашағы жарқын болары сөзсіз. Үлкендерге деген құрмет, өзіміздің тарихи тамырымызды білу, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті дамыту – әрбір жас азаматтың міндеті. Мен сіздерді осы құндылықтарды сақтау мен қорғауға, ұлттық бірегейлігімізді жоғалтпауға және оны ұрпақтанұрпаққа жеткізуге шақырамын. Сіздер осы бағытта белсенді бола отырып, еліміздің болашағына маңызды үлес қоса аласыздар. Келесі маңызды бағыт – партиялық жобалар. Қоршаған ортаны қорғау біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Осы орайда, «Ауыл» партиясының 25 жылдығына орай өткізілген «Таза 25 шақырым» экологиялық акциясы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық қозғалысын қолдауға арналды. Бұл акцияға 20 өңірден 2000 жас қатысып, 750 тонна қоқыс жиналды. Тағы бір маңызды жоба, студенттік еңбек жасақтары бүгінде республика бойынша 66 отряд құрылып, 726 жасты жұмыспен қамтыды. Сол жасақтарда белсенді еңбек еткен бірнеше жастар бүгін біздің арамызда отыр, айта кетсек Маңғыстау облысынан келген Аблаева Айгерім, Алматы облысынан келген Хусаин Данияр, Солтүстік Қазақстан облысының белсенді жасы Кажтаева Жамал, Ұлытау облысынан келген Аманбек Диас. Бұл – жастардың еңбек дағдыларын шыңдап, әлеуметтік жауапкершілігін арттыратын маңызды бастама. Бұл жобаларға сіздер де белсене атсалысып, еліміздің дамуына, экологияны қорғауға және қоғамда жауапкершілікті арттыруға үлес қостыңыздар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы да бұл бастаманы жоғары бағалап, еңбек жасақтарының жұмысын жастар саясатының маңызды құрамдас бөлігі ретінде атап өтті. Бүгінгі күні бірнеше аймақтарда еңбек семестрі жалғасуда: механикаландырылған отрядтар ауылшаруашылық дақылдарын жинауға тартылса, ал ветеринарлық отрядтар ауыл шаруашылық жануарларына қызмет көрсету мен күтіп-ұстау жұмыстарымен айналысуда. Бесінші бағыт – Партиялық кадрлық резерв. Партиямыздың тағы бір маңызды бағыты – кадрлық резерв. Біз сіздерді осы кадрлық резервке қосылып, еліміздің саяси және қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Бұл сіздерге жаңа мүмкіндіктер мен кәсіби дамуға жол ашады. Сіздердің потенциалдарыңыз шексіз, ал әрбір жаңа қадам сіздерді үлкен жетістіктерге жетелейтін жол. Бізбен бірге бір командада болу арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестеріңізді қосуға мүмкіндік аласыздар. Осы мүмкіндіктерді пайдаланып, өздеріңізді дамытып, еліміздің болашағына ықпалыңызды тигізуге дайын болыңыздар. Барлығымыз бірге күшімізді біріктіріп, елімізді жаңа жетістіктерге жетелейтін боламыз. Қадірлі жастар! Мемлекет басшысы айтқандай, «Әділетті Қазақстанды құратын – сіздер!». Бұл – тек сөз емес, әрқайсыңыздың қолыңызда бар нақты мүмкіндіктер мен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Әрбір жас, өз күшжігері мен білімін елдің өркендеуі жолында жұмсап, әділетті қоғам орнатуға атсалысуы тиіс. Сондықтан баршаңызды Отанымызға адал қызмет етіп, ел игілігі үшін аянбай еңбек етуге шақырамын. Баршаңызға зор денсаулық, еңбекте табыс, шығармашылық шабыт тілеймін! Ауылымыздың болашағы жарқын, еліміздің келешегі кемел болсын, – деді партия төрағасы.

Жиынға облысымыздан қатысып қайтқан «Ауыл» партиясы облыстық филиалы «Ауыл жастары» Жастар қанатының жетекшісі Төлеби Сағадинов, Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің студенттері – Аққанат Болат, Едіге Өсер, Бағлан Төлмахан өздерінің алған әсерлерімен бөліскен еді.

– Әр өңірден келген жастармен пікірлесу, танысу, олардың ұтымды ойларын тыңдау біз үшін қызықты болды. Ауыл – елдің экономикасы және әлеуметтік әлеуетін көтеріп отырған қара шаңырақ қой. Ауылдағы жастардың да тың идеялары, жаңа бастамалары баршылық. Сондықтан бұл форумды идеяластар жиыны деп айтуға толық негіз бар, – дейді «Ауыл жастары» Жастар қанатының жетекшісі Төлеби Сағадинов.

Форумда ауыл жастары Қазақстан Республикасы Президентінің саяси бағыты мен цифрлы Қазақстанды қалыптастыру жолындағы маңызды бастамаларын қолдап, еліміздегі қоғамдық және Үкіметтік ұйымдарға, жастар қауымдастықтарына Үндеу жариялады.

 

Ерман ӘБДИЕВ.

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар