«Анаға тағзым» орталығында өткен жиында Мария Қалмаханқызы жібек құртын өсірудің табысы мол екенін айтты. ؘ
– Бұл іспен үйінде отырған әйелдер де айналысуға болады. Екі айда 2-3 миллион теңге табуға мүмкіндік бар. Бұл іс көршілес Өзбекстанда өте жақсы дамыған. Солардың тәжірибесін көріп, біз бұл істі қолға алған болатынбыз. Шүкір, алғашқы табысын да алдық. Біз жұмысты үйінде бос отырған әйелдерге ұсындық. Бірақ, олар бұл кәсіппен айналысса атаулы әлеуметтік көмектен қағылатындарын алға тартады. Жібек өніміне тапсырыс көп, бірақ оны шығаруға бізде күш жоқ. Істі ілгерілетуге кәсіпкерлердің, депутаттардың қолдауы қажет, – дейді Мария Ибраимова.
Біздің елде 50-60 жыл бұрын жібек құрты өсіріліпті, бірақ алынған жібекті Өзбекстанға өткізіп отырған екен. Ал қазір өсірілсе, жібекті сатып алуға «Ауыл – Жер – Ана» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дайын.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




