Қабылдауға жазылған 15 тұрғын негізінен әлеуметтік тұрмыстық сипаттағы мәселелерді көтерді. Олардың қатарында тұрғын үймен қамту, жер телімін бөлу, баспаналарға ауыз су тарту, қоғамдық орындар мен аулалардың тазалығын сақтау, «Ұлы дала» шағынауданын абаттандыру, мектепте ерекше балаларға арналған сынып ашу, жол белгілерін орнату сияқты өтініш-тілектер бар. Барлық өтініш иесіне қолданыст ағы заңнама нормалары түсіндірілді.
Қабылдау қорытындысында облыс әкімі азаматтардың өтініштерін жан-жақты зерделеудің маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Қосымша уақытты қажет ететін түйткілдерді өңір басшысы өз бақылауына алатынын атап өтті.
Еске сала кетейік, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау алдын ала жазылу тәртібімен тұрақты түрде өткізіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




