«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі алу тәртібін өзгертпек

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі алу тәртібін өзгертпек
gov.kz
Денсаулық сақтау министрлігі дәрілер үшін бірлесіп төлеу жүйесін енгізеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа тетігін – дәрілер үшін бірлесіп төлеу жүйесін іске қоспақ. Пилоттық жоба 2025 жылы Астана қаласында басталады және қолданыстағы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін толықтырады.

Жаңа жүйе азаматтарға таңдау еркіндігін береді: бұрынғыдай тегін дәріні алу немесе заманауи препаратты таңдап, оның құнының бір бөлігін төлеу. Бұл ретте тегін дәрі-дәрмек алу құқығы сақталады.

Төлем мөлшері дәрінің халықаралық патенттелмеген атауы бойынша белгіленген шекті баға мен таңдалған препарат құнының айырмасына сәйкес жүргізіледі. Есеп айырысу «eGov» мобильді қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» сервисі арқылы, QR-коды бар электрондық рецепт негізінде жүзеге асады.

Алғашқы кезеңде жаңа тетік артериялық гипертензия диагнозы бар науқастарға қолданылады. 2024 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен 3,3 миллион қазақстандық қамтылса, оның 1,2 миллионы осы ауруға шалдыққан.

Министрліктің мәліметінше, бірлесіп төлеу жүйесі емделу нәтижелілігін арттыруға, ауру асқынуларын, мүгедектік пен өлім-жітімді азайтуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар