Жиынға М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Әлімбай Найзабаев батыр туралы қызықты деректерді әңгімеледі.
– Бауыржан Момышұлының шығармаларының ішінде Міржақып Дулатовқа қатысты материалдар бар. Биыл, айтулы батырдың 115 жылдығы болса, Міржақып Дулатовтың туғанына – 140 жыл толып отыр. Алаш зиялысының екі өлеңін батыр атамыз орыс тіліне аударған. Міржақыптың идеяларын Бауыржанның шығармаларынан кездестіруге болады. Жастардың бойына отаншылдық рух сіңдіріп, өз Отаны мен Ана тіліне деген құрметін арттырып, әдебиетті сүюге баулуда Бауыржан Момышұлы туралы шығармалармен қатар, батырдың өзі жазған туындыларды да оқытудың маңызы зор, – деді Әлімбай Аманбайұлы.
Бауыржантану сағатына қатысқан «125 international school» мектебінің директоры Йылдырай Абдуллах пен тарих пәнінің мұғалімі Сәт Қуантай, Қазақстан Студенттер Альянсы ұйымының облыстық филиалының төрағасы Дархан Байпақ, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің кәсіптік бағдар беруші педагогі Замира Кожағалиева, «Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның кәсіптік бағдар беруші педагогі Абай Қаспақов, Шерхан Мұртаза атындағы мектепгимназияның кәсіптік бағдар беруші педагогі Динара Әбілхайырова да өз ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ жиынға қатысушы оқушылар мен студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, әдеби-патриоттық сағат ашық пікірлесу алаңына айналды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




