«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

31,6 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Автор
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Бағдат Рүстемовтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған 31,6 мың гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның 8,1 мың гектары егістік, 22,2 мың гектары жайылымдық жер.

– Биылғы жылдың алты айы бойынша облыстағы жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 140 мемлекеттік бақылау шарасы жүргізілді. Нәтижесінде, 185 заң бұзушылық дерегі анықталды. 38 дерек бойынша 6,4 миллион теңге айыппұл салынып, толық өндірілді, 56 дерек бойынша ескерту берілді, қосымша экономикалық шаралар аясында 8,3 миллион теңге өндірілді. Ал кәсіпкерлік мақсаттағы жерлерге жүргізілген тексерулерде 14 игерілмеген жер телімі анықталып, иелеріне жерді бір жыл ішінде пайдалану жөнінде нұсқамалар берілді. Жергілікті атқарушы органдар мен «Азаматтарға арналған үкімет» қызметінде 70 заң бұзушылық анықталып, 530,8 мың теңге айыппұл салынды. Сот арқылы мәжбүрлеп қайтару бойынша 19 талап-арыз беріліп, оның ішінде 8 учаске (5,5 мың гектар) мемлекетке қайтарылды, 2 іс (4,6 мың гектар) сотта қаралуда, – дейді ол.

Бүгінгі күні жалпы көлемі 32,6 мың гектарды қамтитын 140 бақылау шарасы ұйымдастырылып, 27,4 мың гектарды құрайтын жер учаскелерінде 185 заң бұзушылық дерегі анықталды. Бұл заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданған. Бұдан бөлек ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары да департамент бақылауынан тыс қалмаған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биыл облыс бойынша 90 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған. Жоспарға сәйкес, әр ауданға нақты жылдық және айлық көлемдер бекітілген.

Бүгінгі күні пайдаланылмаған немесе заң бұзушылықпен пайдаланылған 31,6 гектар ауыл шаруашылығы жері, 174 жер учаскесі (оның ішінде 8,1 мың гектар егістік, 22,2 мың гектар жайылым) мемлекет меншігіне қайтарылған. Сондайақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы 28,1 мың гектар жер учаскелеріне 61 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, көлемі 23,8 мың гектарды құрайтын 51 учаскеде заң бұзушылықтар тіркелген. Кәсіпкерлік мақсаттағы жерлерге де бақылау жүргізілген. Яғни, жалпы көлемі 1 мың гектарды құрайтын кәсіпкерлік мақсаттағы (құрылысқа арналған) жерлерде 13 тексеру жүргізіліп, 14 учаскенің игерілмей жатқаны анықталған. Бүгінгі таңда кәсіпкерлерге жер заңнамасының талаптарын орындау үшін бір жыл мерзімге нұсқамалар беріліп отыр.

– Департамент тарапынан кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады. Ал жер қатынастары саласында құзырлы органдардың жұмысын бағалау мақсатында 20 тексеру жүргізілді. Барлығы 70 заң бұзушылық анықталды. Анықталған деректер бойынша 9 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 530820 теңге айыппұл салынды. Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бағытында сот органдарына 19 талап-арыз жолданды. Оның ішінде 16-сы кәсіпкерлік (7,88 гектар), үшеуі ауыл шаруашылығы мақсатындағы (10,1 мың гектар) жерлерге қатысты. Қазіргі уақытта департаментпен өткен жылы берілген нұсқамаларға сәйкес, жалпы көлемі 10 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қайтару бойынша сотқа талапарыздар дайындалуда. Жыл соңына дейін бекітілген жоспардың толық орындалуы сонымен қатар заңсыз иелену мен жерді мақсатсыз пайдалану фактілерін барынша төмендету көзделуде, – дейді облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Бағдат Рүстемов.

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Ұқсас жаңалықтар