Сейсмикалық жағдай облыстың бірқатар елді мекенінде тіркеліп, жер дүмпуі Тараз қаласы мен Жуалы, Байзақ, Жамбыл аудандарында 4 балл, Талас, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарында – 3 балл, Сарысу, Шу, Мойынқұм, Қордай аудандарында 2 балл болды. ТЖМ командалық орталығының жедел штабында Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен бейнеконференция-байланыс жүргізіліп, өңірдегі жағдай талқыланды.
«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі филиалының мамандары аса қауіпті учаскелерге тексеру жүргізді. Топырақтың ірі зақымданулары, деформациялары, жарықтары мен шөгулері анықталған жоқ. Сейсмикалық белсенділікке байланысты облыстың төтенше жағдайлар департаментінде жергілікті және республикалық қызметтердің іс-қимылын үйлестіру, ақпаратты жинақтау мен талдау және барлық бөлімшелердің ықтимал салдарға дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында облыстық жедел штаб құрылды.
Штаб құрамына ТЖД, полиция, медицина, энергетика, көлік, білім беру басқармалары және басқа да өмірлік маңызы бар ұйымдардың өкілдері кірді. Соңғы мәліметтерге сәйкес зардап шеккендер және бүлінген әлеуметтік нысандар туралы деректер тіркелмеді.
Барлық өмірлік маңызды нысандар, көлік инфрақұрылымы мен қауіпті өндірістік объектілер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Жағдайды облыс әкімі Ербол Қарашөкеев өз бақылауына алды.
Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды: ТЖМ командалық орталығы – 87172-704118, облыстық ТЖД – 87262- 513575.
Aq jol-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Балаларға күлкі мен ой сыйлаған қаламгер
- 19 ақпан, 2026
Кедергісіз орта қалыптастыра аламыз ба?
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




