«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сарбаздар қарияларға қамқорлық көрсетті

Сарбаздар  қарияларға қамқорлық  көрсетті
Автор
Таразда Қарттар күні қарсаңында Әуе қорғанысы күштерінің ҰҰА мамандарын даярлау және жауынгерлік қолдану Оқу орталығының әскери қызметшілері еріктілер акциясын бастады. Олар қамқорлыққа мұқтаж қарт адамдар тұратын №1 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына арнайы атбасын бұрды.

Қарт адамдар тұратын мекемеге мамандарды даярлау және Әуе қорғанысы күштерінің ҰҰА жауынгерлік қолдану Оқу орталығының әскери қызметшілері қолдарына тырма, күрек және қол араларын ұстай келді.

Өйткені үй шаруашылығына кез келген көмек артық етпейді. Мұнда да қонақтарға арналған жұмыс табылды, олар кесілген бұтақтарды жинап, кесетінін кесіп, қоқыстарды сыпырып, тазалады. Әскерилер шаруашылық міндеттерді ортақ іске айналдырып, тез және үйлесімді әрекет етті.

Жай және шын жүректен әңгімелесуге де уақыт табылды. Орталықтағы қарттар үшін осындай қонақтарды қарсы алу қуаныш сыйлады. Ал әскерилер үшін, өкінішке қарай, олардың көпшілігіне өмірден өтіп кеткен ата-әжелерін естеріне түсірді, әрі қарттармен жақындарымен тілдескендей жағдайда сөйлесуге мүмкіндік берді.

– Біз кездесу барысында ең маңыздысы қарттарға адамгершілік танытқымыз келді. Олардың үй шаруашылығына көмектесіп қана қоймай, әрқайсысымен жай ғана араласып, амандасып, сөйлесіп, уақытымызды, көңіл бөлуімізді көздедік, – деп атап өтті өз сөзінде Әуе қорғанысы күштерінің ҰҰА мамандарын даярлау және жауынгерлік қолдану Оқу орталығы командирінің орынбасары, подполковник Әлімжан Қуантай.

– Бұл ең құнды дүние. Жасап жатқан тірлігіміз бір реттік акция емес, жеке құрамды тәрбиелеу жөніндегі жұмыстың бір бөлігі. Әскерилердің арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына бару 1 қазан күніне тұспа-тұс келгендіктен – атаулы сәттің Қарттар күні екенін көрсетіп қана қоймай, адамдар арасындағы әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісін танытты. Осынысымен әскери бөлімнің қолбасшылығы жас әскери қызметшілердің міндеті Отанды қорғау ғана емес, сонымен бірге әркімге жанашыр болу екендігін көрсетті. Мұндай көмек, ең алдымен, қамқорлыққа мұқтаж адамдарға адами тұрғыдан назар аудару арқылы жүзеге асуы тиістігін сезіндік.

– Әскерилердің келіп, көмек көрсеткендеріне қуаныштымыз. Бізге негізінде әр жақтан көп адамдар келеді, ал әскерилердің келуі біз үшін жағымды жаңалық болды. Осындай көмек көрсеткен әскери бөлімге алғысымызды білдіреміз. Мұндай іс-шаралар үлкен маңызға ие. Біздің үй шаруашылық жұмыстарымызға физикалық көмек көрсетіліп қана қойған жоқ, сонымен қатар біздегі тұрғындарға күшті психологиялық қолдау жасалды. Жас, күшті, позитивті адамдардың келуі, сол жердегілерге оптимизм сыйламай қоймайды, – дейді №1 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Гүлхан Тұрсынбаева.

Осылайша, әскерилер қарттар күнін қарапайым жұмыс жағдайында атап өтті. Салтанатты мереке ретінде емес, қатардағы жұмыс күні ретінде. Бірақ осы шара жас адамдарға да сергектік, жан жылуын сыйлады және ерте ме, кеш пе барлық адам қартаяды, сондықтан өмірдің әр сәтін бағалау өте маңызды деген қарапайым шындықты түсінуге мүмкіндік берді.

 

Талғат ТАЛАПҰЛЫ

Ұқсас жаңалықтар