– Жас өмірді ажалдан арашалау үшін жасалатын операция өте күрделі, яғни дәрігерлерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Жас өмірді сақтау үшін балалар кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі Икром Мұхамедов, бас дәрігер Алмас Әлібеков және басқа да тәжірибелі әріптестеріммен бірге жасадық. Операцияда Озаки әдісін қолдандық. Бұл – Жапонияда пайда болған және бүгінде дамыған елдерде кеңінен қолданылатын озық тәсіл. Оның ерекшелігі – жүрек қақпағы науқастың өз жүрек қабығынан, яғни перикардтан жасалып, қайта қалыптастырылады, – дейді орталық басшысы, профессор Сейітхан Жошыбаев.
Операция сәтті өтіп, қақпақтағы қысым айырмасы 100-ден 6 мм сынап бағанасына дейін төмендеген. Жүректегі кері қан ағымы тоқтап, баланың жағдайы тұрақтанды. Енді ол қалыпты өмір сүрумен қатар, спортпен де айналыса алады. Мұндай жоғары технологиялық операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында тегін жасалатынын айта кеткен жөн.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
«Адамдарды емдеу дегеніміз екпе сала беру емес...»
- 29 қаңтар, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




