Кардиохирургия және трансплантология ғылыми клиникалық орталығы қолданысқа жаңадан енгізген тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу — кардиологиялық көмектің жаңа деңгейі. Әлем бойынша кеңінен қолданылатын, жүрек-қан тамырлары ауруларын дәл анықтауға және емдеуге арналған заманауи технология енді облыс тұрғындарының өмірін құтқаруға қызмет етеді.
– Avvigo+ – дәрігерге қантамырды «ішінен» көруге, артерияның тарылу деңгейін ең жоғары дәлдікпен бағалауға, атеросклероздық түйіндерді, кальцинаттарды анықтауға және стенттің диаметрі мен ұзындығын дұрыс таңдауға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық жүйе. Бұл – өңірде әлемдік деңгейдегі заманауи интервенциялық кардиологияға жасалған алғашқы қадам. Осы арқылы Тараз тұрғындары Еуропа мен АҚШ-тың жетекші клиникаларындағы озық технологияларға қол жеткізеді. Жаңа зерттеу жүйесі жүректің ишемиялық ауруына шалдыққан науқастардың өмір сүру ұзақтығы мен сапасын жақсартуға ықпалын тигізеді. Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығында тамырішілік ультрадыбыстық бейнелеу бойынша шеберлік сыныбы өткізіліп, оған Алматы қаласындағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми зерттеу институтының РЭХ бөлімінің меңгерушісі, рентгенэндоваскулярлық хирургия саласының маманы Алексей Колесников қатысты. Шеберлік сыныбы барысында сол жақ коронарлық артерия сабағының сын көтермес деңгейдегі зақымданулары бар науқастарға 3 операция сәтті жүргізілді. Avvigo+ қолданылуы стенттерді 100 пайыз дәлдікпен имплантациялауға, олардың толық жанасуын бақылау ультрадыбыстық зерттеу кезінде растауға мүмкіндік берді. Қайтадан жасалған ультрадыбыстық зерттеуінде стенттің қантамыр қабырғасына толық жанасқаны анықталды. Барлық 3 жағдай да әлемге әйгілі Boston Scientific компаниясының 60 Гц тамырішілік ультрадыбыстық зерттеу катетерлерін қолдану арқылы өткізілді, – дейді рентгенэндоваскулярлық бөлімшенің хирург дәрігері Есімхан Шералы.
Айта кетейік, бұл операциялар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін жүргізілді. Яғни, тұрғындарға қаржылық ауыртпалықсыз жоғары технологиялы көмек алуға мүмкіндік берілді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




