Қауіпті аурулардың бірі саналатын онкологиялық ауруларды анықтау мақсатындағы қызметке жасанды интеллект енгізілді.
– Ауруханамызға жасанды интеллект биылғы мамыр айының аяғы, маусымның басында қойылған болатын. Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарда 5 индикатор бар. Оның алғашқысы онкологиялық ауруды ерте сатысында, яғни 0-ші, 1-ші сатыдағы қатерлі ісік обырын анықтау. Ондайды мамографиялық тексеру кезінде дәрігерлер байқамай қалуы мүмкін, оны жасанды интеллект анықтай алады. Барлық аудандарға сервер қойылған, PACS жүйесі арқылы бір ауданда қаралған науқастан жасанды интеллект 0-сатыдағы қатерлі ісікті анықтаса, ол тікелей бізге де белгілі болады. Яғни, ол жүйе арқылы алыс аудандағы науқаста анықталған ауру туралы дерек облыс орталығындағы мамандарға көрінеді. Бұл ем шараларын ертерек жүргізіп, өмірді құтқаруға үлкен септігін тигізеді, – дейді облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының директоры Жандос Сейдахметов.
Бұл – ТМД елдерінде баламасы жоқ жоба. Облыстың 22 медициналық мекемесі бірыңғай радиологиялық ақпараттық жүйеге біріктіріліп, барлық радиологиялық зерттеулер облыс орталығында орталықтандырылған. Жоба аясында аналогтық рентген аппараттары цифрландырылып, қауіпсіз жоғары жылдамдықты VPN арналары тартылды.
Жергілікті желілер мен серверлер жаңартылып, рентгенолог дәрігерлер кәсіби медициналық мониторлармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар x-Eye Mammo – сүт безі қатерлі ісігін, x-Eye Toraks – өкпе ісігін және X-EYE RIBOUT PNEUMONIA – пневмонияны танитын жасанды интеллект жүйелері орнатылды. Қазіргі уақытта 2264 адам тексеруден өтіп, 84 інде қатерлі ісікке күдік анықталған. Солардың ішінде біреуі расталыпты.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, дәрігерлердің кәсіби әлеуетін арттыру үшін оқыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Медициналық қызметтің сапасын пациенттің өзі бағалайды
- 16 наурыз, 2026
Бруцеллез – қауіпті зооноздық ауру: алдын алу мен бақылау
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




