Облыстық халық шығармашылығы орталығының редакторы Сұлтан Жексеннің айтуынша, мұнда киелі сахна төріне көтерілген шетелдік өнерпаздар еліміздің және әлем классиктерінің таңдаулы туындыларын тек қана жанды дауыста орындайтын болады.
«Жалпы, бұл шара көрерменнің эстетикалық талғамын арттырып, классикалық өнерге деген қызығушылығын күшейтеді деп үміттенеміз. Ал кештің музыкалық сүйемелдеуі – Қырғыз Республикасының А.Жұмахматов атындағы мемлекеттік симфониялық оркестріне жүктелген. Дирижёрі – Қырғыз Республикасының халық әртісі Рахатбек Осмоналиев», – деді Сұлтан Болатханұлы.
Айта кетейік, биыл ғана халықаралық деңгейде өткен шараға Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген әртістері Заира Раимбекова, Айзирек Момунова мен Айбек Саралаев арнайы қатысты. Бұдан бөлек концертте халықаралық конкурстардың лауреаттары: өзбекстандық Дамир Рахмонов пен қырғыздық Эльгиз Бейшенбаев, алматылық Дамир Садуақасов және жерлестеріміз Бахром Муминов, Диас Әлібеков өнер көрсетті.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




