Шығармаларында ұлттың болмысы мен тағдыры көрініс тапқан
- author «Ақ жол»
- 2 қазан, 2025
- 552
Әуелі М.Х.Дулати университетінің қабырғасында өткен конференцияға зиялы қауым өкілдері мен әдебиетшілер қатысты. Жиынды әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Күлбарақ ашып беріп, жүргізіп отырды.
– Елен ағамыз әдебиетке жай келген жоқ. Jambyl oblystyq qoǵamdyq-saıası gazeti 1 қазан – Қарттар күні Облыстық әкімдікте Ерман ӘБДИЕВ Облыстық және қалалық ардагерлер кеңесі, осындағы қариялар аймақтың қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Жастар мен орт а буынның арасындағы ұрпақтар сабақтастығын үзбей келе жатқан аға буынның тілегі де, ниеті де бейбіт күннің тыныштығы, ел амандығы.
– Тағылымды өмір жолдарыңызда өңірдің қалыптасуына, дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қостыңыздар. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Әлбетте, бүгінгі жетістіктеріміздің баршасы – сіздердің, аға буынның ерен еңбегі мен қажырлы жігерінің арқасы! Сіздердің қоғамдық белсенділіктеріңіз бен азаматтық позицияларыңыз өңіріміздің ілгері қарай жылжып, дамуына зор үлес қосуда. Қарттарымыз бен қарияларымыз еліміздегі тұрақтылық пен татулықты нығайтуда, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде мықты тірек болып отыр. 2 Қазан айының бірінші күні – Халықаралық Қарттар күні. Бұл халықаралық мереке 1990 жылдың 14- ші желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген мереке. Атаулы күн елімізде 1991 жылдан бері тойланып келеді. Осы күндері елімізде 2,3 миллионнан астам қарт болса, оларға деген құрмет ешқашан төмендеген емес. Облыс орталығындағы «Ардагерлер үйіне» арнайы барған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бірқатар қарияларға құрмет көрсетті. Халықаралық қатынастар Қазақстан – Италия: ынтымақтастық бағыттары айқын Шолохов Донның жағасында тұрып-ақ ұлы жазушы болса, Елен аға Жамбылда жүріп-ақ әдебиет пен мәдениеттің қазанын қайнатуға болатынын дәлелдеген жазушы-қайраткер бола білді. Қазіргі қоғам, әрине, күрделі қоғам. Әрқайсымыздың көкейімізде әр алуан ойлар мен әр алуан сұрақтар бар. Жазушы қоғамның осындай келбетін образдар арқылы береді. Ағамыздың жазған шығармаларын біраздан бері байыптап қарап, ең алғашқы шығармаларының өзінен-ақ қазіргі заманның бейнесін жан-жақты толғап жазғанын байқауға болады. Ағамыз әлі күнге дейін қаламы қолынан түспей, өңірдің рухани өміріне белсене араласып келеді, – деп жазушының шығармашылық жолына тоқталып өткен ол, жиын барысында драматург өмірінің әрқилы кезеңдерінде жазылған туындыларынан мысал келтіріп, әдеби әңгімені әсерлі естеліктермен дамытып отырды.
Бұдан кейін сөз алған жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Доқтырхан Тұрлыбек Елен Әлімжанның прозалық шығармаларындағы шынайылық пен өмірлік болмысты тілге тиек етті.
– 1964 жылы жас қазақ жазушыларының «Таңғы шық» жинағы жарық көріп, әдебиетсүйер қауымды елең еткізген болатын. Оған ағамыздың «Ән сыры» атты тырнақалды туындысы енді. Елен Әлімжан кейбір қаламгерлер секілді кеңестік жалаң ұран мен жалған идеологияның жетегінде кеткен жоқ. Оның шығармаларының басты арнауы адам бойындағы ізгілік, мейірімділік қасиеттері болды. Бұл қоғамда байлық мол, бірақ жан тазалығы тапшы. Жазушының төлқұжатына айналған «Анажар» романында осы адами қасиеттер терең қозғалады. Романдарда жас әйелдің көрген тауқыметі туралы баяндалады. Адам төзгісіз қиындықтарға тап болған оны автор тұрмыстықфизикалық қиындықтардан гөрі ар азабына салады. Автордың шеберлігі сонда, автор өз көрін өзі қазып болған әйелді өмірге қайта әкеледі, – деді Доқтырхан Тұрлыбек.
Рас, «Анажарда» жалғыз қала өмірінің ғана емес, бүкіл адамзаттың трагедиясы айтылады. Автор шығармасында техникалық өркениетке байланған қоғамда адам бойында әлі де адами қасиеттер бірінші орында болу керектігін меңзейді. Бұл туралы автордың өзі былай деген болатын: «Анажарға» қатысты бірсыпыра пікірлер жарық көрді. Дөп басып, дәл айтқандары да, келте түсініп, тереңіне бойлай алмағандары да бар. Әсіресе «Анажар – соңғы отыз жылымыздың көркем көрінісі» деген Ғұсман Жандыбаевтың пікірі дәл баға. Ол тіпті Анажарды өмірге таза, бейкүнә көзбен қарай алатындығына қарап Дон Кихотпен салыстырады».
Шындығында шығармашылық адамында өзіне тән тек пен мінез болуы шарт. Онсыз қалам иесі қоғамға ой салатын дүниелер жазуы неғайбыл. Ал сол қайрат пен ерікжігерді таныту үшін тарпаңдық пен тағылықты аңсап күшеншектеудің де қажеті жоқ. Тек ар мен абырой таразыға түскенде дұрыс шешім қабылдай білген жөн болар. Елен Әлімжанның жазушылығынан бөлек, қайраткерлік тұсы да осындай сын-сағаттарда көрініс тапты. Ол Желтоқсан оқиғасына қатысты кадрларды аймақтық телеарнадан алғашқы болып экранға шығарған басшылардың бірі болды. Бұл ел есінен айырылып, оң-соңын айыра алмай жатқан тұста ерлікке пара-пар шешім болатын. Оның бұдан өзге де қайраткерлігі шәкірт тәрбиелеп, талантты танып жанашыр бола білуінде болса керек.
Жиында жазушының қамқорлығын көрген, бүгінде қазақ елінің қабырғалы қаламгерлеріне айналған Көсемәлі Сәттібайұлы, Ерлан Жүніс с екілді белгілі ақын-жазушылар жылы е стеліктерімен бөлісті. Бұдан бөлек, Журналистер одағының мүшесі, профессор Сағындық Ордабеков, ақын Шырын Мамасерікова, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті проректорының міндетін атқарушы Аслан Тұрлыбек пен Ш. Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің ректоры Махметға ли Сарыбеков драматург шығармашылығы туралы ой тербеп, кеш иесін мерейтойымен құттықтады. Мерейтойдың екінші кезеңі А. Тоқпанов атындағы облыстық драма театрында жалғасын тапты. Бұлай болуының да өзіндік заңдылығы жоқ емес. Елен Әлімжан бүгінгі Әулиеата әдебиетінің алдыңғы буын өкілі ғана емес, Кәрім Баялиев, Әлдихан Қалдыбаев, Бақытяр Әбілдаев, Арғынбай Бекбосынов секілді қаламгерлердің жолын жалғаған Жамбыл драматургиясының ақсақалы.
Жазушы жайында Шерхан Мұртаза «Елдегі қаламгер» естелігінде:
Қалың оқырман жақсы жазушының бәрі астанада, Алматыда тұрады деп ойлайды. Онысы рас. Астана – рухани орталық. Ал енді шындыққа келсек, көрнекті жазушылардың көбі елден, алыстағы ауылдардан шыққан. Өнер көзі – халықта деп бекер айтпайды. Ал қазір облыстарда, елде тұратын қаламгерлер аз емес. Мысалы, Жамбыл облысында жазушылардың әлеуетті тобы бар. Жамбыл облыстық қазақ театрының репертуарына көз салсаңыз, ондағы спектакльдердің дені жергілікті авторлардың пьесалары. Солардың қатарында Елен Әлімжановтың «Бір қазаққа – бір қатын», «Тақталас», «Жанталас» пьесалары бойынша қойылған спектакльдердің көрермен көңілінен шыққаны ақиқат. Бұл пьесалар республикамыздың басқа облыстарындағы театрларда да табысты жүріп жатыр. Елен драматургиясы осы заманның ең зәру, ең өзекті мәселелеріне бағышталған»,– дейді.
Мерейтой аясында театр сахнасында автордың «Абылай хан» драмасы сахналанды. Тарихи оқиғаларға негізделіп жазылған туындыда автор қазақ пен қалмақ арасындағы қайшылықты дәуірді екі ханның бейнесі арқылы көрсетеді. Сондайақ мұнда ежелден келе жатқан ақ пен қараның айқасы да бар. Автор шығармасында ерлік, қайсарлық сияқты қасиеттерді ашуымен қоса, жағымпаздық, жылпостық, сатқындық сияқты әрекеттерді де сынайды.
Қойылымнан Абылай ханның ел басқару ісіндегі саяси қайраткерлігін көруге болады. Спект акльде күрделі кездесулер, батыл шешімдер, қиынқыстау кезең аталған қойылымда мұның бәрі көрінеді. Қазақ әдебиетінің тарихында Абылай хан туралы көптеген шығарма жазылды. Ал Елен Әлімжанның «Абылай» драмасы алдыңғы деректерді қайталамаған. Шығармада автор соғыс жағдайынан гөрі Абылай ханның болмысын ашуды мақсат еткен.
Салтанатты мерейтойдың қорытынды кезеңін ақын, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Ерлан Жүніс жүргізіп, ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйласымды әңгіменің өрнегін танытты.
Елен Әлімжанның көпке белгісіз қырының бірі – ақындығы. Мерейлі кеште қаламгердің поэтикалық шығармаларының жазылу тарихы айтылып, автордың сөзіне жазылған «Тағзым ұлы Абайға», «Сері аға», «Аққұмда туған баламын» атты әндер орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Іс-шараның қорытынды кезеңіне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, қаламгерді мерейлі жасымен құттықтады.
– Сіз – жастық шағыңыздан бастап бар ғұмырыңызды туған еліңіздің игілігіне арнаған азаматсыз. Әдебиет пен мәдениетке қосқан өлшеусіз үлесіңіз, талай жас қаламгерді қанаттандырып, қазақ руханиятын байытқан еңбегіңіз халықтың жадында мәңгі сақталатыны анық. Өмір жолыңыз – кейінгі ұрпаққа үлгі. Сіз қаламыңыздың қуатымен елдің бірлігін, халықтың салт-дәстүрін, асыл мұраттарын ардақтап, өшпес мұра қалдырдыңыз. Әдеби шығармаларыңызда халқымыздың болмысы мен тағдыры көрініс тауып, жас ұрпақтың рухани қазынасына айналды. Сіз – қазақ драматургиясы мен әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған, ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан, шығармашылық әлемі бай, көрнекті қаламгерсіз. Сіздің қаламыңыздан туған туындылар ұлттық өнеріміздің көркемдік деңгейін көтеріп қана қоймай, талай оқырманның ой-санасын тәрбиелеп, жүрегіне сәуле құйды. Сіздің «Оралу», «Көріпкел», «Ақ періште – арманым!» атты повестер мен әңгімелер, «Тақталас», «Толық адам туралы», «Бауыржанның пырағы», «Таңғы шық», «Адамгершіліктің ақ жолы» пье с аларыңыз бен публицистикалық жинақтарыңыз кейінгі ұрпаққа рухани тәрбие мен адамгершілік құндылықтардың биік үлгісі ретінде қызмет етіп, ұлттық әдебиет қазынасын байыта түсті, – деп атап өтті Ербол Шырақпайұлы.
Сондай-ақ кеште облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев қаламгерді мерейлі жасымен құттықтап, құрмет білдірді. Елен Әлімжан өз шығармаларында адам болмысын тереңнен қаузап, Ницщенің «Құдайға ұқсаған адам», Ғазалидің «Кемел адамы» мен Фарабидегі «Қайырымды қала тұрғындарымен» үндескен Абай формасындағы «Толық адамды іздеген» жан.
Сұхбат аясында қаламгердің шәкірті Ерлан Жүніс:
«Қазір шаһар саябақтарына шықсаңыз, бақта Елен Әлімжанды жиі кездестіресіз. Ал біздің балаң кезімізде қасында серіктері ілескен Елен ағалар Афина мектебінің өкілдері секілді көрінетін. Ол үнемі Абайдың толық адамын өзге жандардан көп іздеген жан. Адам өзінде бар нәрсені өзгеден іздеп тұрады ғой, маған сол толық адам ағаның өзі секілді көрінеді де тұрады», – деп ұстазына құрмет білдірді.
Кеш соңында жазушының «Жанұраным» пьесалар жинағы мен «Тарғыл сиыр» әңгімелер жинағының тұсауы кесілді.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




