Облыстық және қалалық ардагерлер кеңесі, осындағы қариялар аймақтың қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Жаст ар мен орт а буынның арасындағы ұрпақтар сабақтастығын үзбей келе жатқан аға буынның тілегі де, ниеті де бейбіт күннің тыныштығы, ел амандығы.
– Тағылымды өмір жолдарыңыз да өңірдің қалыптасуына, дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қостыңыздар. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Әлбетте, бүгінгі жетістіктеріміздің баршасы – сіздердің, аға буынның ерен еңбегі мен қажырлы жігерінің арқасы! Сіздердің қоғамдық белсенділіктеріңіз бен азаматтық позицияларыңыз өңіріміздің ілгері қарай жылжып, дамуына зор үлес қосуда. Қарттарымыз бен қарияларымыз еліміздегі тұрақтылық пен татулықты нығайтуда, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде мықты тірек болып отыр. Соңғы уақытта бәрімізді алаңдататын бір жағдай бар. Ол – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбеюі. Өкінішке қарай, қайғылы аяқталған оқиғалар да азаймай тұр. Өз-өзіне қол жұмсаған балаларымыздың қадамы – бәріміз үшін ауыр қайғы. Оның салмағы ең алдымен ата-анаға, туыстарына оңай тимейтіні белгілі. Осындай мәселелерге бейжай қарамай, қоғам болып бірігіп, алдын алу шараларын күшейтуіміз керек. Бұл бағыттағы жұмыста үлкендер – қарияларымыздың ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесінің орны бөлек. Ауылда да, ауданда да, облыс көлемінде де жастарға дұрыс жол сілтеп, бағыт беруде сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет. Сондықтан сіздерді бірлесе әрекет етуге, жастарымыздың болашағына бірге жауапты болуға шақырамын. Еліміз тәуелсіздігін алып, тізгінін өз қолына ұстағанына отыз төрт жылға жуық уақыт болды. Осы жылдар ішінде көптеген игі істердің басы-қасында өздеріңіз жүрдіңіздер. Биыл еліміз үшін ерекше жыл. Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл, Ұлы Жеңіске – 80 жыл, Шоқан Уәлихановтың туғанына – 190 жыл, Абай Құнанбайұлына – 180 жыл, Міржақып Дулатұлына – 140 жыл, Мұстафа Шоқайға 135 жыл толып отыр. Бұл мерейтойлар – ел тарихындағы маңызды белестер. Олардың мәнмаңызы жоғары деңгейде аталып өтуіне сіздердің де қосып келе жатқан үлестеріңіз мол. Ардагерлерге қамқорлық көрсету, қолдау жасау – бүгінде мемлекеттік саясаттың басты бағытының бірі. Қарттарға қолдау көрсету шаралары мемлекет пен өңірлер деңгейінде жүзеге асырылуда. Әсіресе өңірдегі аға буын өкілдерінің өмір сүру деңгейін арттыру бағытында жұмыс жүргізілуде. Мәселен 2023 жылдан бастап ардагерлер мен зейнеткерлердің бос уақытын жүйелі ұйымдастыру, қарттарымыздың белсенділігін арттыру бағытында «Белсенді ұзақ өмір орталығы» құрылып, жұмысын жалғастыруда. Осы аралықта Орталықтан 1 385 (2023 жылы – 195, 2024 жылы – 659, 2025 жылдың 1 қыркүйегіне – 531 қызмет) қарттарымыз 25 түрлі қызмет түрлерін алған. Сондықтан қажеттіліктің артуына байланысты Тараз қаласында тағы бір – 150 адамға арналған орталықты биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Біз әрдайым аға буынның ақылымен санасқан халықпыз. Үлкенді сыйлау, құрмет көрсету – ата-бабамыздан қалған салт. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақылкеңестеріңіздің біз үшін орны ерекше. Еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да, ұрпаққа ізгілік пен парасаттың үлгісін көрсетіп келесіздер. Осы атаулы күні баршаңызға зор денсаулық, мол дәулет тілеймін, – деді Ербол Шырақпайұлы құттықтауында.
Сондай-ақ басқо суда облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі мен қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі үшін – «Қазақстан Конституциясына – 30 жыл» мерекелік медалімен мемлекеттік қызмет ардагерлері – еңбек ардагері Рахматілда Рахманбердиев пен Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Күләш Әбдікешованы марапаттады. Ал Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған Әкелер кеңесінің төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған Мәдениет және жастар істері жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Исмаил Хажымұрато в, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Мұхтар Тұрғымбеков, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл ауданы филиалының директоры Сембек Пірімқұлов, Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Қошқарбек Исмаилов «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Жиын соңында аймақ басшысы қариялардың сауалдарына жауап беріп, мемлекеттік қызмет ардагері Оңласын Есіркепов ақ батасын берді.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




