Аталған акция Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына және Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосу, қалалық ортаны абаттандыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен әрбір азаматтың экологиялық жауапкершілігін арттыруға қоғам назарын аудару.
Тараз қаласында аталған акция аясында кәсіподақ мүшелері ағаш көшеттерін отырғызып, кәсіподақ ғимаратына іргелес аумақ пен Көшек батыр көшесі, 3 мекенжайындағы скверді тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараға 6 салалық кәсіподақтың 21 бастауыш ұйымынан 130 адам қатысты.
Белгіленген күні еліміздің барлық өңірлерінде Кәсіподақтар федерациясының мүшелік ұйымдары «Таза Қазақстан – болашақ үшін» ұранымен кең ауқымды экологиялық акцияға қосылып, өз аймақтарында көгалдандыру және тазалық жұмыстары бойынша іс-шаралар өткізді.
Aq jol-Aqparat
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




