«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Халықаралық шеберлік орталығы ашылды

Халықаралық шеберлік орталығы ашылды
Автор
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланған болатын. Оның үстіне елімізде 23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Техникалық және мамандар марафоны бастау алды. Осы бастама аясында халықаралық KNAUF компаниясының қолдауымен Тараз қаласында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде халықаралық деңгейдегі «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» шеберлік орталығы ашылды.

Шараны ашқан облыс әкімдігінің білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршубеков халықаралық компаниямен бірлесе жүзеге асып жатқан жоба болашақта мамандардың кәсібилігін арттырып, білікті мамандарға деген сұранысты қалыптастыруда мол мүмкіндік болатындығын тілге тиек етті.

Атаулы жиынның ортасынан табылған «Talap» коммерциялық еме с акционерлік қоғамының вице-президенті Алибек Ахметов, М.Тынышпаев атындағы ALT Universityдің құрылт айшысы, Директорлар кеңесінің төрағасы Арслан Серіктегі, «KNAUF Гипс Капчагай» компаниясының аймақтық менеджері Алмас Бекназаров техникалық және кәсіби мамандарды даярлау бағытында кәсіпорындарда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Жаңа орталық студенттерге заманауи құрылыс технологияларын игеруге, практикалық дағдыларын шыңдауға және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуға мүмкіндік береді. Бұл бастама «WorldSkills International» сияқты халықаралық қозғалыстар мен ықпалдастықта кәсіби білім беру жүйесін дамытуға жол ашпақ. ALT University мен Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің ынтымақтастығы аймақта техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуда жаңа серпін беріп отыр.

Колледждің материалдық техникалық базасын нығайту мақсатында университет тарапынан арнайы оқу кабинеттері ашылып, электромобиль сыйға тартылды. Осындай ынтымақтастық пен келісім үйлескен жиында халықаралық шеберлік орталығының лентасы қиылып, қонақтар орталықтың жұмысымен танысты.

Шеберлік орталығының ашылуы – аймақтың техникалық және кәсіптік білім беру жүйе сін жетілдіруге, білікті кадрлар даярлауға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында өткен жиын «Тал бесік» этноауылдың ашылу шарасымен жалғасып, техникалық мамандық иелерінің орт асында «Mamandyq fest» халықаралық байқауы ұйымдастырылды.

 

Ерман ӘБДИЕВ

Ұқсас жаңалықтар