Облыс әкімдігінде өткен жиын барысында ең алдымен несие мәселесі көтерілді. Шаруалардың арасында, әсіресе қайта өңдеу ісімен айналысатындар осы бағытта мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауларды, тиісті бағдарламаларды толық білмейтінін аңғартты. Осыған байланысты облыс әкімінің орынбас ары Әбілхайыр Тамабек жауап беріп, алдағы уақытта әр ауданда, ауылда жергілікті жердегі әкімдер халықпен тығыз жұмыс істеп, қолжетімді бағдарламаларды кеңінен насихаттайтынын жеткізді.
Сонымен қатар шаруашылық басшылары субсидия қарызы жайлы сұрақ қойды.Бұл мәселе қаржыға байланысты екенін айтып, берешектер кезең-кезеңімен жабылатынын ұқтық. Жалпы егін жинау науқаны жақсы деңгейде өтіп жатыр, өнім де мол. Дегенмен кейбір шаруалар несие мерзімін ұзартуды сұрап отыр, оны алдағы уақыт көрсетеді. Облыс әкімінің орынбасары арнайы жұмыс тобын құрып, қажет болған жағдайда қаржы институттарының өкілдерін де тартуға уәде берді. Жыл сайынғы көрсеткіштердің жақсарғанын атап өтті.
– Өткен жылы қант қызылшасынан рекордтық өнім жиналды. Бұған мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау, тұқым мен тыңайтқышқа, гербицидке бөлінген қаражат арқау болды. Бұрын керегін қарызға әрі қымбатқа алып келген шаруашылықтар үшін қазір мәселе дұрыс жолға қойылған. Республика бойынша астық ору науқаны 67 пайызға жетті. Шамамен 16 миллион тоннаға жуық астық қамбаға құйылды. Жалпы жұмыстар жоспарға сай жүріп жатыр, – деді министр.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




