Былтырдан бері «Таза Қазақстан» акциясы жүзеге асырылып жатыр. Жалпыұлттық жоба аясында 860 мың гектар жер тазаланды, 4 миллионнан аса көшет отырғызылды. Мұнымен қоса, әр азаматтың, әсіресе, жастардың бойына т азалық, ұқыптылық, жауаптылық сияқты қасиеттерді сіңіруіміз керек екенін қоса айтты. Ары таза адам ешқашан елін сатпайды.
Біз «Қазақстан – ортақ үйіміз» деп үнемі айтамыз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек. Бұл – өте тиімді әрі пайдалы жұмыс. Кішкентай кезінен тазалыққа үйренген бала кейін жауапкершілігі жоғары, саналы азамат болып өседі. Елге жанашыр болады. Сондықтан бұл – өскелең ұрпаққа озық білім мен тәлім-тәрбие беру деген сөз.
Баршамызға қатысы бар идеологиялық маңызды іске әр қаланың, ауылдың, көшенің және ауланың тұрғындарын жұмылдыру керек.
«Таза Қазақстан», бұл – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Бәріміз Әділетті, Қауіпсіз және Таза Қазақстанда өмір сүргіміз келеді», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар барлық салаға қатысты негізгі кемшіліктерді атап, еліміздің алдағы дамуына қатысты жаңа міндеттерді жүктеді.
Атап айтқанда:
– Экономика – әділ бәсекелестік орнату, мемлекеттік басқаруды жеңілдету, «жасыл» энергетиканы дамыту, цифрландыруды күшейту.
– Саясат – Парламентті бір палаталы ету ұсынысы, референдум өткізу жоспары.
– Өнеркәсіп – алдағы үш жылда жаңа зауыттар ашып, жоғары технологияларды дамыту.
– Ауыл шаруашылығы – импортты азайту, өз өнімімізді өңдеу, экспорт көлемін ұлғайту.
– Инфрақұрылым – жүк тасымалын цифрландыру, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану.
– Энергетика – атом электр станцияларын салуға дайындық.
– Қаржы – банктердің экономикаға белсенді үлес қосуы, жаңа заң қабылдау.
– Құқық қорғау – заңсыз шығарылған қаржыны қайтару, құқықтық жүйені реформалау.
– Цифрлық даму – Жасанды интеллект министрлігін құру. Қазақстанды алдағы үш жылда толық цифрлық мемлекетке айналдыру қажеттігі атап өтілді.
Жоғарыда аталған барлық саланың тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллектіні кең көлемде пайдалану, соған сәйкес қажетті мамандарды даярлау міндеттелді. Сондай-ақ биыл айтулы даталарға толы жыл болды.
Ең бастысы, екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толды. Мәскеуде және Бейжіңде өткен салтанатты іс-шаралар адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың ондаған миллион құрбаны әлем халқының жадында мәңгі қалатынын аңғартты. Сондай-ақ бәрімізді сол бір қанды қырғынға қайта баға беруден және жаңа дүниежүзілік соғыс бастауға ұмтылудан аулақ болуға шақырды. Барлық ел өсіп-өркендеу үшін бейбітшілікті сақтап, ортақ мәмілеге келе білуі керек.
«Мың шыжбыждан бір сіз-біз артық». Қоғамда осы қағиданы түбегейлі орнықтыру үшін барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ортақ ұстаным болуға тиіс. Бұл – ең алдымен, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу қағидасы, яғни кез келген заңсыздыққа қарсы тұру деген ұстаным. Ұлы Абай «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп бекер айтпаған. Мәдениет пен әдеп, тәрбие мен тәлім әрбір азаматтың, әрбір отбасының өзінен басталуы қажет. Қазіргі бұлыңғыр заманда ең басты міндет – еліміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын нығайту. Ол үшін бірлігіміз бекем болуы керек. Халқымыз тату болса, ішкі ахуал тұрақты болса, біз барлық қиындықты жеңеміз. Кез келген кедергіден өтеміз. Сондықтан жұртымызды ел тыныштығын бағалай білуге, сақтай білуге шақырамын, – деді Президент.
Әрбір азамат мемлекетшіл, отаншыл болуы керек. Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Президент мұны толығымен қолдайды. Жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенеміз. Біз кеше кім болғанымызды ұмытпаймыз.
Төл тарихымызға құрметпен қараймыз. Ал келешекте кім болатынымыз тек қана өз қолымызда екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерін көркейтуді ойлаған жастарға әрдайым жан-жақты қолдау көрсете береміз. Біз қолға алған ауқымды жұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр. Өскелең ұрпақ ертең соның игілігін көреді, оны еселеп, лайықты жалғастырады.
Мемлекет деңгейінде қабылданған әрбір шешімнің мәнмаңызы, ең алдымен, халықтың тұрмысын жақсарту, экономиканы тұрақтандырып, әлеуметтік әділдік орнату үшін жасалған нақты істермен өлшенуге тиіс. Сонда біз жаңа тұрпатты, мықты ел боламыз. Қазақстан жан-жақты, түбегейлі реформалардың арқасында дамудың даңғыл жолына түсіп келеді.
Алда қарқынды жұмыс күтіп тұр. Біз бағдарымыздан айнымай, тек алға қадам басуымыз керек.
Арқабек ТӨЛЕБАЕВ
облыстық Қоғамдық кеңестің төралқа мүшесі.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Инвестиция тарту бойынша облыс республикада үздік үштікке кіреді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




