Елімізде заң үстемдігін орнатудың, елдің сенімін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтіле түсті.
Бүгінгі күні департамент басшысының бұйрығымен құрылған жұмыс комиссиясымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша ҚР Еңбек кодексі, заңнамалық және нормативтікқұқықтық актілер қарастырылып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жылына бір рет ішкі талдау жүргізіліп отырады.
Жалпы Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің негізгі атқарылатын функциялары – республикалық мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) және сенімгерлік басқаруға беру, республикалық мемлекеттік мүлікті жекешелендіру, республикалық мүлікті басқару, мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру, республикалық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.
Соның ішіндегі республикалық мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру және республикалық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүліктерді сату бойынша жұмыстар сатып алушылар мен жалға алушылар өтінім беруді, құжаттарды тапсыруды, аукционға немесе тендерге қатысуды, шарт жасасуды, есеп айырысуды www.eqazyna.kz мемлекеттік мүлік веб-порталына жариялау арқылы электронды түрде жүргізеді. Яғни, сатып-алушылар немесе объектінің жеңімпазы атанғанша департаментпен ешқандай да байланыста болмайды.
Жеңімпаз тек департаментке ұтып алған объектісінің қабылдау-беру актісіне қол қоюға ғана келеді. Сондықтан департ аменттің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын тәуекелдер жоқ.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық мемлекеттік меншіктегі объектілерді сауда-саттыққа қою кестесін орындау бойынша департамент пен 6 айында республикалық мемлекеттік меншік объектілерін сату бойынша 9 нысан сатылды. Оның ішінде, жылжымайтың мүлік объектілері біреу, автокөлік құралдары – 8.
Екінші нысан бағаны көтеру әдісі бойынша, 7 нысан бағаны төмендету әдісімен сатылды. Мүліктерді сатудан республикалық бюджетке түскен түсімдер 16 259 403,25 теңгені құрады. Республикалық меншіктегі мүлікті жа лдауға (жа лға) беру бойынша қолданыстағы шарттардың саны – 26. Жалға берілген объектілердің жалпы ауданы – 1258,86 шаршы метр, бюджетке түскені – 20 342,3 мың теңге.
Сенімгерлік басқаруға беру бойынша осы жылдың 1 қаңтарына 21 сенімгерлік басқаруға беру шарттары қолданыста болды. Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 5 шарт жасалды, ал осы жылдың 1 шілдесіне сенімгерлік басқаруға беру бойынша қолданыстағы шарттардың саны – 26 құрады. Оның ішінде, 20 қылмыстықатқару жүйесінің объектілері, 5 газ құбырлары және 2 АГТС) және 1 ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған нысан бар (жабдық).
Сенімгерлік басқарушылар сенімгерлік басқарудан түскен таза табыстың бір бөлігін аударып, нәтижесінде республикалық бюджетке 869,3 мың теңге түсті. Артық алаңдарды оңтайландыру бойынша республикалық мүліктің (жылжымайтын мүлік объектілері мен автокөлік құралдары) пайдаланылмайтын, тиімсіз пайдаланылатын және мақсатқа сай пайдаланбайтын мүліктерді анықтау мақсатында, Жамбыл облысындағы 288 республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың (филиалдарды, аумақтық бөлімшелерді және өкілдіктерді қоса алғанда) теңгеріміндегі мүлікке түгендеу жүргізді.
Нәтижесінде 6095,3 шаршы метр артық пайдаланылмайтын, бос тұрған жылжымайтын мүлік объектілері және 33 артық автокөлік құралдары анықталып, оларды ары қарай оңтайландыру бойынша нақты ұсыныстар берілді (басқа мемлекеттік органдарының теңгеріміне беру, жекешелендіруге немесе жалға беру және т.б.). Бүгінгі күнге осы жылдың 1 шілдесіне 5105,56 шаршы метр артық алаңдар (оның ішінен: 1019,9 шаршы метр – басқа мемлекеттік органдарының орналастыруына (немесе олардың теңгеріміне), 1981,76 шаршы метр – жекешелендіруге, 1657,9 шаршы метр – коммуналдық меншікке, 446,0 шаршы метр – жалға берілді) және 26 артық автокөлік құралы оңтайландырылды. Жекелеген негіздер бойынша түскен мүліктер бойынша 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап екінші тоқсанда 165 атқару өндірісі қабылданды. Бұл 10066 бірлік мүліктерді құрады.
Қабылданған мүліктерді атап айтатын болсақ: 10 автокөлік, 9955,5 литр дизельдік отын және бензин, 92 ұялы телефон және тағы басқа заттар, 6 киім және аяқ киім, 1 ара мен 1 сыйлық бар. Жыл басынан жартыжылдықта 6 комиссия отырысы өткізіліп, жекелеген негіздер бойынша түскен мүліктерге (8527,5 бірлікке) шешімдер қабылданды.
Комиссия шешімімен 114 атқару өндірісі бойынша 8527,5 мүліктерге атап айтқанда (автокөлік – 9, дизельдік отын және бензин – 8439,5 литр, сыйлықтар – 1, ара – 1 дана) бағалау жұмыстары жүргізілген соң заң талаптарына сай мемлекеттік органдардың теңгеріміне ұсынуға жататын мүліктерді ұсыну және ұсыныс түспеген жағдайда сатылатын мүліктермен саудасаттыққа қою туралы шешім қабылданды. Осы мүліктер жалпы құны 42225980 теңгеге бағаланды.
35 атқару өндірісі бойынша 77 бірлік, (ұялы телефон және құрылғылары, діни кітаптар – 71 және халық тұтынатын тауарлар – 6) мүліктерді жою туралы шешім шығарылып, жою жұмыстарын жүргізу үшін жұмыстар ұйымдастырылуда. Электрондық сауда-саттықта 3282 мүлік 7649437 теңгеге сатылды. Осы сатылған мүліктердің 5611356 теңгесі жыл басынан қабылданған мүліктер болса, 2038081 теңгесі өткен жылдан қалған мүліктердің сомасы.
Бұдан бөлек бір автокөлік (бағалау құны 11691333 теңге) мемлекеттік мекеменің теңгеріміне берілді. Бүгінгі күнге есепте қалған – 7761 мүлік, оның ішінде 7755 литр бензин/дизельдік отын, 5 көлік, 1 ара. Бұл мүліктерге электрондық сауда-саттықта сатылу жұмыстары жүргізілуде. Департаменттегі жалпы құжат айналым – 1581, оның ішінде кіріс құжаттар – 849, шығыс құжаттар саны – 718, өтініштер саны – 14. Түскен хаттар мен өтініштерге мерзімінде жауап берілді.
Бекітілген жоспар бойынша департамент қызметкерлері тарапынан күнделікті қолданып жүрген Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңнамаларын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 Қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелерімен таныстыра отырып, департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілерге сыйлық берілген жағдайда жасалынуы тиіс іс-шараларды баяндап түсіндіру мақсатында дәрістер оқылды.
Алдағы уақытта жылдағы жоспарға сәйкес аталмыш тақырыптарда түрлі шаралар ұйымдастырылмақ. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты ақпарат беру және оны қоғамға насихаттау басты жоспарға алынған.
Ғани ҚОЙБАҒАРОВ
Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




