Тараз қаласы Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 20 қыркүйек, 2025
- 1.0k
Бақкелді Ғабдоллаұлы 1996 жылы дүниеге келген Білімі жоғары.
2018 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2023 жылы Қайнар академиясында құқық магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2014 жылы Тараз қалалық «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының басшысы қызметінен бастаған. Кейінгі жылдары Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның инспекторы, Жамбыл облыстық «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты басшысының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің цифрландыру және архивтер басқармасы «Жамбыл облысының бірыңғай 109 қызметі» КММ басшысының орынбасары, басшы болып еңбек еткен. 2
024 жылдың 3 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасында идеологиялық жұмыстар мен жастар саясатын ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді. Үйленген, 2 баланың әкесі.
Ұқсас жаңалықтар
Облыста мал саны 3,7 миллионға жетті
- 12 наурыз, 2026
Былтыр құрылыс сапасына 63 мыңнан астам шағым түскен
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




