Биыл облысымызда Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ауқымды шаралар мен жобалар жүзеге асуда. Жамбыл ауданының мәдениет үйінде Жұмысшы мамандықтары жылына орай «Digital auyl: жастардың жаңа мүмкіндіктері» атты ауыл жастары форумы өтті.
Форумға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бауыржан Жанаев, облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айбек Кадралиев және ауылдық елді мекендерден келген жастар мен еңбек жолын енді бастаған жас мамандар қатысты.
«Ауыл жастары – елдің тірегі: жаңа мүмкіндіктер, жаңа дәуір» атты облыстық жастар форумын Серік Жақсылықұлы ашты.
«Елімізде еңбек адамына әрдайым ерекше құрмет көрсетілуі керек. Мұны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру маңызды. Себебі, еңбек – әрбір адамның өмірінің тұғыры, қозғаушы күші. Еңбексіз ешқандай даму, өркендеу болмайды» деген ол, әр салада ел игілігі жолында еңбек етіп жүрген жалынды жастарды облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Облыс әкімінің Алғыс хатына ие болған Жамбыл облыстық полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Алишер Калышев, Жамбыл аудандық «Жастар ресурстық орталығының» жастармен жұмыс жөніндегі маманы Ақмарал Қайсар, Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Теміржан Ізтілеуов, Тараз қалалық №2 емхананың анықтама бөлімінің медбикесі Манар Амантаева, Байзақ аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Мұхтар Қозбаев пен «Жасыл ел» еңбек жасағының волонтеры Жасмина Бектембайлардың марапаты өзге де жастарды еңбегімен көзге түсіп, алға ұмтылуға жігерлендірді. Сондай-ақ «КазФосфат» ЖШС «Қаратау» кен-байыту кешенінің техник-технологы Әлібек Сатқанбаев: «Құрметті жастар, бір айтарым – мамандық таңдағанда, еңбек еткенде ұялудың қажеті жоқ. Қай салада жүрсек те, егер адал еңбек етіп, берілген істі жауапкершілікпен атқарсақ – ол ең үлкен абырой. Президентіміз айтқандай, ауыл дамымай, ел де өркендемейді» деп, ауыл жастарын бірлікке, еңбекқорлық пен алға ұмтылуға шақырды.
Форум барысында жастарға еңбекқорлықтың маңызы, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын кәсіби мамандықтардың қадірі кеңінен түсіндірілді.
Бүгінгі күннің басты қағидаты – «еңбек еткен озады» деген ұстаным жастарға ерекше жігер берді.
Арна ЖҰМАТАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




