Жиынды ашқан Amanat партиясының облыстық филиалы төрағасы Дауыл Бейсенқұлов өңірде 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында жалпы 103 көрсеткіш бар екендігін алға тартып, Жол картасының 1 тамызына орындауға қарастырылған 89 көрсеткіштің 17 орындалғандығын алға тартты. Сондай-ақ 72-і орындалу үстінде болса, 11 көрсеткіштің орындалмау қаупі бар екендігін де тілге тиек етті. Жыл соңына дейін 1836 пәтерлі 30 көпқабатты тұрғын үй құрылысы мен 7 тұрғын алқапта 5574 жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін беру міндеті тұр екен. Мұнан соң сөз алған облыстық филиал жанындағы «Өңірлік даму» жөніндегі аймақтық кеңес төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Фарида Жүнісова Президент Жолдауында елімізді дамытудың бірнеше стратегиялық бағыты нақты айқындалғандығын айтты.
«Президент көтерген бастамалардың барлығы біздің өңіріміз үшін де аса өзекті. Жамбыл облысы – аграрлы өңір. Президент атап өткендей, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді жолға қоймай, ауылды дамыту мүмкін емес. Осыған байланысты біз облыста өндірістің барлық сатысын қамтитын агрохолдингтер құруға қолдау көрсетуіміз керек. Сондай-ақ жерді пайдалану мәдениетін көтеріп, игерілмеген жерлерді айналымға қосу – біздің күн тәртібімізде басты мәселе болып қала бермек», – деді ол сөзінде.
Ал облыс әкімдігі құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Әукеновтің айтуынша, 2025 жылы басқарма арқылы сметалық құны 285,9 миллиард теңгені құрайтын 184 жобаға бюджеттен 92,5 миллиард теңге бөлініп, іске асырылып жатыр екен.
– Оның 139-ы осы жылы тапсырылуы тиіс, 45-і келесі жылға өтпелі. Сондай-ақ 2027 жылға қарай 9 мың пәтерлік 153 тұрғын үй салу да көзделуде. Алайда тұрғын үй құрылысы саясатының өзгеруіне байланысты, аудандарда жоспарланған арендалық тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен қаражат бөлу тоқтатылған. Осыған орай кезектегі азаматтарды баспанамен қамту «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде бастапқы нарықтағы сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлерді қайта реконструкциялау шеңберінде пайдалануға берілген және жеке кәсіпкерлер салған тұрғын үйді (пәтер) сатып алу тетігі арқылы жүзеге асырылуда. Бұл бағытта жыл сайын бюджеттен қомақты қаржы бөлінуде. Бүгінде коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 40 174 азамат тіркелген. Оның 30 045 азаматы әлеуметтік осал топтағы азаматтар. Асқаров көшесінің соңындағы алқапта 1176 пәтерлі 30 көпқабатты әлеуметтік кредиттік тұрғын үйлердің жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылысын ағымдағы жылы бастау үшін 7,7 миллиард теңгеге өтінім ұсынылды. Алайда аталған жобалар қолдау таппаған жағдайда 2026 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші орындалмау қаупі бар. Биыл Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша жоспарға сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысына таратылуға арналған 7 тұрғын алқапта 5574 жер телімін дайындау жоспарланған. Сонымен қатар жыл сайын инженерліккоммуникациялық инфрақұрылым (ИКИ) жобаларына республикалық бюджеттен қаражат бөлу күрделене түсуіне байланысты, әзірленген жобалық-сметалық құжаттамалардың (ЖСҚ) сараптама қорытындыларының қолданылу мерзімі өтіп кету қаупі жоғары, – деді ол.
Өңірлік Жол картасы аясында тұрғын үй құрылысы және жер учаскелерін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстарының сапасы туралы хабарлама жасаған облыс әкімдігі мемлекеттік сәулетқұрылыс бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Мұқаев ағымдағы жылдың 8 айында 164 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеру жұмыстарының нәтижесінде 117 нұсқама беріліп, 316 әкімшілік іс қозғалғандығын жеткізді. Яғни, 263 тапсырыс беруші, 22 мердігер мекеме, 7 жобалаушы, 5 сараптама ұйымы, 2 геологиялық зерттеулер ұйымы, 9 техникалық және 8 авторлық қадағалаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салыныпты.
Жалпы, Amanat партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасының өңірлік Жол картасында 2026 жылы 1860 пәтерлі 31 көпқабатты тұрғын үй құрылысы мен 11 тұрғын алқапта 2 744 жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін беру міндеті тұр. Сондай-ақ жиынға қатысушылар өзекті мәселелерді бірлесе шешу жолдарын ортаға салды.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Инвестиция тарту бойынша облыс республикада үздік үштікке кіреді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




