Филиал аймақтағы су, жер және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты қоғамдық тыңдауларға белсенді қатысып жүр. Әсіресе «Қазфосфат» ЖШС қызметіне байланысты табиғатты қорғау шараларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілді. Сондайақ «Аманкелді Газ» МӨЗ жұмысына байланысты экологиялық мәселелер партия назарында тұр. Алдағы күзде филиал ағаш отырғызу науқанын өткізуді жо спарлап отыр екен.
«Таза Қазақстан» бастамасын қолдау аясында табиғатты қорғау шаралары жүйелі жүргізілуде. Сондықтан аймақ тұрғындары үшін маңызды жетістік ол – «Май тоғайын» жеке тұрғын үй құрылысына беруге қарсы шығып, оны сақтап қалуы болды дейді партия белсенділері. Филиал Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, конференциялар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда. Сондай-ақ қалдықтарды басқару мен кәдеге жарату мәселелері де талқылау өзегіне айналып, партия ұстанымының басты қағидасына айналып отыр.
Бүгінде филиал қатарында аудандық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, шығармашылық қауым өкілдері, ауыл тұрғындары мен тараздықтар бар. Сондай-ақ филиал Жамбыл облысы Қоғамдық кеңесінде де өкілдікке ие.
– Жуырда филиалдың бастамасы мен Қазақстан – Қытай инвестициялық форумы ұйымдастырылды. Бұл қадам аймақ экономикасына серпін беріп қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты арттыруға жол ашты. Сонымен қатар партия Арал мен Каспий мәселелеріне қатысты халықаралық әріптестік орнатып, су қорларын сақтауға бағытталған бастамаларды қолдайды. «Байтақ» тек экологиямен шектелмей, қоғамның барлық саласына үлес қосуда. Атап айтар болсақ, спортты дамыту, Әйелдер қанатының жұмысы, Дарынды жастарды қолдау. Сондай-ақ волонтерлік идеяны дамыту – елге қызмет ету мәдениетін кеңінен насихаттау. Біз адамның денсаулығы, таза су, жер мен ауа үшін күресеміз. Қатарымыз күннен-күнге артып келеді, біз күшейіп келеміз, – дейді филиалдың атқарушы хатшысы Ихтияр Мырзахметов.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Үш базар толық жаңғыртудан өтпесе, жұмысын тоқтата ма?
- 6 желтоқсан, 2025
Қыдыр дарыған Қыдырәлі
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




