Кеше облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша өкілі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаевқа Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығы бойынша берілген «Шапағат» медалін салтанатты түрде табыс етті.
– Елбасы тарапынан қоғамға жасаған еңбегіңіздің бағалануы – халық тарапынан да бағалануы деп білеміз. Осы қуанышты бөлісе отырып, бас имам Данияр Жұмабаевты бүгінгі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз. Отбасыңыздың берекелі, еңбегіңіздің табысты және әрдайым биік белестерден көрінуіңізді тілейміз, - деді Б. Орынбеков. Дін саласында қызмет етіп келе жатқан өкіл имам Данияр қажы осы уақытқа дейін бірнеше марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталған. Ол қоғамда өз орны бар белсенді дін қызметкері, сонымен бірге абыройлы азамат.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




