Оның біріншісі – «Қаратөбе» деп аталады. Оған енгізілген осы аттас романда кеңестік кезеңдегі ауыл өмірі, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі баяндалады. Замана шындығы, сол тұстағы үстем биліктің нық орнығуынан жоғарылы-төменді басшылардың жат қылықтарға бой алдыруы да шығармада шынайы көрініс тапқан.
«Көке» деректі хикаятына соғыс және еңбек ардагері Жанбек Кеттебекұлының өмір жолы арқау болса, әңгіме, эсселер әр алуан тақырыптарды қамтиды. Ал «Шырмауық гүлінің иісі» аталатын екінші лирика кітабына ақынның кейінгі жылдары жазған өлеңдері мен толғаулары топтастырылып беріліп отыр.
Автор шығармаларында жастарды тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктетуге атсалысуға, туған ел мен жерді, ауылды сүюге, махаббатты қастерлеуге шақырады. Жылдың төрт мезгілінің ерекшеліктері, табиғат көріністері де ақынның көңілкүй ауанымен астастырыла өрілгені бар. Кітапқа енген туындылардың тілі тұшымды, ойы нәрлі.
Қаламгердің «Жусан туралы жыр» аталатын үшінші – эсселер, әдеби портреттер, сыр-сұхбаттар, ой-толғаныстар кітабына сан салада қордаланған проблемалар мен оларды шешу жолдары қарастырылған публицистикалық мақалалары, сыр-сұқбаттары еніп отыр. Олардың бірқатары кезінде облыстық «Ақ жол», республикалық «Түркістан», «Егемен Қазақстан» газеттері мен «Ақиқат», «Жұлдыз» журналдарында жарық көрген.
Жинақтың «Әдеби портреттер» бөлімінен автордың өзі кездесіп, сұхбаттас, сапарлас болған есімі елімізге белгілі ақынжазушылар, әдебиеттанушы ғалымдар туралы жазылған естелік мақалаларды оқи аласыз. Автордың «Кітап культі» деген тақырып аясына топтастырылған көркем әдебиетті оқу, тарату және насихаттау жөніндегі ой-толғамдары да оқырманын бей-жай қалдырмайды деген ойдамыз.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




