Тараз гарнизонындағы атыс алаңында Жамбыл облысында орналасқан барлық күш құрылымдарының өкілдері кездесті. Жарысқа «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіретін Тараз гарнизонының барлық әскери бөлімдері қатысты. Шекарашылар да, Жамбыл облысы полиция департаментінің, Төтенше жағдайлар департаментінің және Әуе қорғаныс ы күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс батальонының өкілдері де қатысуға үлкен дайындықпен келді. Қарулы Күштердің ардагерлері де шетте қалмады – олар қазіргі әскери қызметшілермен елеулі бәсекелестікке түсу үшін команда құрды.
Жарыстың ашылу салтанатында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Ержан Ибраев сөз сөйлеп, мерейтойлық мерекенің символдық сипатын атап өтті.
– Біздің сала әскери қызмет болғандықтан мерекені әскери атыс алаңында атап өтуімізге тура келеді, – деді генералмайор Ержан Ибраев.
Мұнда күш құрылымдарының барлық өкілдерінің жиналғандығы жақсы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бар екендігін көрсетеді.
– Мұндай іс-шаралар жауынгерлік рухты нығайтып қана қоймай, ынтымақтастықты одан әрі күшейтуге және өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында күш-жігерді шоғырландыруға ықпал етеді. Атыс шебінде нысанаға атылған әрбір оқ үшін қызу күрес басталды. Калашников автоматы мен Макаров тапаншасынан оқ ату үшін әртүрлі учаскелер таңдалды. Сайыста өз саласының мамандары оқ атып, керемет дайындықтары мен салқынқандылықтарын көрсетті. Төрешіліктің объективтілігі барынша ашықтық қағидаттарымен қамтамасыз етілді: барлық командалардың өкілдері атыс нәтижелерін жеке бақылап, оларды санауға қатыса алды. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші жалпыкомандалық орынды Жамбыл облысы полиция департаментінің командасы жеңіп алып, жоғары дәлдік пен үйлесімділік сыныбын байқатты. ҰҚК Шекара қызметінің командасы да тамаша нәтижелер көрсете алды. Әуе қорғанысы Күштерінің Әуе қорғанысы батальонының командасы жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді.
– Басқа ведомстволардағы әріптестерімізбен қатар осындай ауқымды оқужаттығуларға қатысу біз үшін үлкен мәртебе. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 25 жылдығына арналған оқ ату жарысы жоғары деңгейде өтті. Осындай іс-шаралар көп болсын. Әріптестерімізді әскери құрылымның 25 жылдығымен құттықтаймыз және қызметтеріне табыс тілейміз. Әрқашан жоғары нәтижелерге қол жеткізе берейік, – дейді Жамбыл облысы ҰҚК Шекара қызметі департаментінің жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы, полковник Данияр Көкбаев.
Осылайша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының мерейтойлық мерекесі күш, шеберлік және нағыз армия бауырластығын көрсетуден басталды. Атыс бойынша ұйымдастырылған жарыстар мерейтойлық іс-шаралардың лайықты бастауы болды, әр түрлі ведомстволар арасындағы дайындықтың жоғары деңгейін және берік серіктестікті көрсетті.
Алда әскерилерді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 2 5 жылдық мерейтойы рәсімі салтанатты түрде атап өтілетін қазан айына дейінгі аралықта, үздіксіз жалғасатын мерекелік іс-шаралардың тұтас сериясы күтіп тұр.
Талғат ТАЛАПҰЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




