«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Міндеттерді жүзеге асыру – барша азамат үшін ортақ іс

Міндеттерді жүзеге асыру – барша азамат үшін ортақ іс
Автор
Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Бұл бағдарламалық құжат ел дамуының стратегиялық бағдарын айқындап, мемлекеттік саясаттың алдағы жылдардағы маңызды бағыттарын белгілеп берді.

Жолдауда цифрлық күн тәртібін ілгерілетуге айрықша мән берілді. Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні кеңінен енгізу және ауқымды цифрландыру еліміздің стратегиялық бағдарының негізгі тетігі болуы керек екенін айтты. Шын мәнінде, мұндай қадам Қазақстанның барлық сектордағы әлеуетін айтарлықтай арттырып, экономика мен әлеуметтік саланы сапалы жаңа деңгейге шығаруға жол ашады. Жолдауда инвестициялық саясатқа да ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы Үкіметке шетелдік капиталды тарту тетіктерінің тиімділігін қайта қарауды және арттыруды, сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялық салаларға баса мән бере отырып, жаңа инвестициялық кезеңді бастауды міндет етіп жүктеді.

Белгіленген басымдықтардың қатарында бәсекелестікті күшейтетін, экономика, қаржы жүйесіндегі технологияларды дамытуға және цифрлық активтер айналымын либерализациялауға ықпал ететін Банктер туралы заң қабылдау бастамасы да бар. Президентіміз шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне тоқталып, құқықтық базаны кәсіпкерлердің қажеттілігіне қарай бейімдеу керек екенін жеткізді. Осы ретте жасанды интеллект технологиясын пайдалану арқылы заңнаманы түгел тексеріп, зерделеу бастамасы уақытылы қолға алынғанын атап өткен жөн.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы тұрғын үй шаруашылығы мен құрылыс саласындағы басымдықтарды белгілеп берді. Бұл ретте жасанды интеллект технологияларының көмегімен ғимараттарды ақпараттық модельдеу әдісін кеңінен қолданудың маңызы зор. Сондайақ құрылыстың барлық кезеңіне толық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін ұлттық цифрлық платформаны іске қосу да қажетті шешім болғаны анық.

Осы орайда депутаттарға маңызды тапсырма берілді. Ол – саланың қауіпсіз әрі ашық болуына және тұрақты дамуына берік заңнамалық негіз қалайтын жаңа Құрылыс кодексін жыл соңына дейін қабылдау. Жолдаудың негізгі ерекшеліктерінің бірі – Мемлекет басшысының парламенттік реформа жүргізу туралы ұсынысы болғаны белгілі. Бұл бір палаталы Парламентке көшуді көздейді. Аталған бастама – тарихи мәнге ие және Президентіміздің Әділетті Қазақстан құру, демократиялық институттар мен тетіктерді күшейту жолындағы байыпты бағдарының логикалық жалғасы.

Президентіміз жүктеген міндеттерді жүзеге асыру – Үкімет пен Парламенттің ғана жауапкершілігі емес, барша азамат үшін ортақ іс.

 

Жанат БАСТАУБАЕВА

облыстық мәслихаттың депутаты.

Ұқсас жаңалықтар