«Биыл ұзындығы 836 шақырым болатын «Достық-Мойынты» теміржолының екінші желісі іске қосылады. Жобаны өз күшімізбен өте қысқа мерзімде жүзеге асырдық. Бұл жолдың мән-мағынасы ерекше, себебі «Шығыс – Батыс» бағытындағы жүк өткізу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Үкімет «Бақты-Аягөз», «ҚызылжарМойынты» жобаларын уақытылы жүзеге асыруға тиіс. Себебі аталған жобалар еліміздегі теміржол жүйесінің толық қаңқасын қалыптастырады», – деді Президент.
Егер Қарағанды теміржолына қарасты Мойынты стансасының Жамбыл облысымен шекаралас жатқандығын ескерсек, онда бұл міндет жамбылдық теміржолшыларға жүктелген болып тұр. Екі жыл бұрын ғана «Шу-Мойынты» телімінің іске қосылғанына 75 жыл толғанын атап өткенбіз. Ол тарихи құрылыста талай теміржол тарландарының қолтаңбасы жатыр. Ал қазіргі технологиялар мен жаңашылдық дамыған заманда жоғарыдағы «Достық-Мойынты» телімінің де құрылысы аса жылдамдықпен жүргізіліп, жүк тасымалдау әлеуетін арттыратыны анық. Бұл транзиттік кеңістік болады.
Жамбыл теміржолы – транзиттік бағыт болып саналады. Сондықтан «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ «Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – «ЖТ» Жамбыл бөлімшесінің биылғы жылдың сегіз айында 88 423 вагонға жүк тиеп, 3 612 вагоннан көмір түсірілді.
Бүгінде қатты отын, яғни көмірге деген сұраныс жоғары. Көмір Жамбыл өңірінде Қияқты стансасынан тиеліп, Тараз, Шу, Жаңатас, Қаратау стансаларынан бөлек екінші санаттағы стансаларға да жеткізіліп, тұрғындарға беріледі. Оның үстіне облыста химия өндірісі – өңір өндірісінің алыбы саналады.
Бүгінде «Қазфосфат» ЖШС, «ЕвроХим» ЖШС және де өзге ірі кәсіпорындардың өнімдері болат жолмен тасымалданып отыр. Қазір Тараз вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жолаушылар үшін мұнда барлық жағдай жасалады. Жасанды интеллектіні қолдану тетіктері мұнда барынша енгізіледі. Жалпы, жоғарыда Президент айтып кеткендей елімізде көлік логистикасының дамуына жамбылдық теміржолшылар да қарқынды үлес қосып, жүк және жолаушылар тасымалында аянбай еңбек етуде.
Айдын СЕИТБЕНБЕТОВ
«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ы «Жүк тасымалы» ЖШС филиалы – ЖТ Жамбыл бөлімшесінің директоры.
Ұқсас жаңалықтар
Біздің бір-бірімізден жасыратын құпиямыз жоқ
- 9 сәуір, 2026
Иран мен АҚШ-тың арасы не болып жатыр?
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




