Акция барысында 50-ден астам қатысушы «Тектұрмас» кесенесінің маңын қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыруға атсалысты. Шара тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақыру мақсатында ұйымдастырылды.
– Тазалық – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Президент ҚасымЖомарт Тоқаев биылғы Жолдауында экологиялық тәрбие мен мәдениетті арттырудың маңызын атап өтті. Бұл бағыттағы міндеттерді жүзеге асыруда «Таза бейсенбі» экологиялық акциясының орны ерекше. Аптаның осы күні өңір тұрғындары, партия мүшелерімен бірге айналаны тазалап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Біз бұл игі бастаманы тоқтатпай, алдағы уақытта да Жолдауда қойылған экологиялық мақсаттарды басшылыққа ала отырып, белсенді жұмыс жүргізетін боламыз, – дейді Amanat партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов.
Айта кетейік, атаулы бастама Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында жүзеге асырылуда. Amanat партиясы өткен жылдан бері «Таза бейсенбі» эко-акциясын тұрақты түрде өткізіп келеді.
Биыл өңірде акцияға 1600-ден астам сала мамандары мен партия мүшелері қатысып, 29 тоннадан астам қалдық жиналды. Amanat партиясы облыстық филиалы алдағы уақыттары да осындай экологиялық шараларды ұйымдастырып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қоса бермек.
Aq jol-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




