Жуырда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады
- author «Ақ жол»
- 15 қыркүйек, 2025
- 755
Жүйеде жерүсті және жерасты суы, гидротехникалық құрылысжайлар мен өзге де су шаруашылығы нысандары туралы мәліметтер жинақталады. Болашақта жасанды интеллект пен ғарыштық мониторинг деректерін қолдану жоспарланып отыр. Бұл елдің су балансын, экономика мен азаматтардың суға деген нақты қажеттілігін анықтауға, су ресурстарын пайдалануды талдауға және бақылауға мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйені енгізу нәтижесінде жерүсті және жерасты су ресурстарын есепке алу және басқару үшін бірыңғай цифрлық платформа құрылады. Бұл мемлекеттік жүйелермен интеграциялау арқылы мәліметтердің қайталануын жойып, суды пайдаланудағы ашықтық пен тиімділікті арттырады, сондай-ақ су тапшылығы мен төтенше жағдайлармен тиімді күресуге мүмкіндік береді.
Платформа Еуразиялық даму банкінің гранттық қаражаты есебінен әзірленіп жатыр. Жобаны іске қосу 2026 жылдың соңына дейін жоспарланған. Қазіргі уақытта министрліктің Су ресурстары ақпараттық-талдау орталығы бассейн инспекциялары мен «Қазсушар» қызметкерлеріне жүйемен жұмыс істеу жөнінде оқу семинарларын өткізіп жатыр.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ведомствоға қарайтын ұйымдардың басшыларына Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесіне енгізілетін деректердің дәлдігі мен өзектілігін қатаң қадағалауды тапсырды.
«Қазірдің өзінде ауқымды жұмыс атқарылды. 2026 жылы жүйені іске қосуымыз қажет. Әрбір азамат су ресурстарының жағдайы туралы қажетті ақпаратты осы жүйеден ала алуы тиіс. Ол үшін күнделікті жүйелі жұмыс жүргізілуі керек. «Қазсушар» мен бассейн инспекциялары мамандары енгізетін мәліметтер нақты болуы шарт. Бұл мәселеге барынша жауапкершілікпен қарау қажет», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




