«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сұйытылған мұнай газына тапшылық байқалмайды

Сұйытылған мұнай газына тапшылық байқалмайды
Автор
Өңірде барлығы 31 газ желісінің ұйымы бар болса, 247 автогаз құю бекеттері арқылы сұйытылған мұнай газы сатылып отыр. Сонымен қатар аймақта, атап айтар болсақ, «KGT Group», «Азия Нефтепродукт», «AlanGasTerminal», «Газ Ойл Тараз», «Аргос», «ТАН», «Казахстанский Стандарт» деп аталатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің газ толтыру станциялары орналасқан.

Сондай-ақ қазіргі таңда сұйытылған мұнай газын сату қызметі бәсекелестік ортаға берілгенін ескерсек, облыста газ қондырғысымен жабдықталған көліктердің саны 31 мың 326-ға артқан. Одан бөлек, бүгінгі жағдайда облыс тұрғындары үшін сұйытылған мұнай газына деген қажеттілік 9-10 мың тоннаны құраған.

Бұл туралы облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқарамасының басшысы Ғалым Исақов өңірлік коммуникациялар алаңында өткен кезекті брифингте баяндады.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, Энергетика минист рлігі т арапынан тоқсан сайын әлеуметтік сұйытылған мұнай газы бөлініп отырады. Ал биыл қыркүйек айына облысқа 5 мың 330 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінсе, оның ішінде «Петро Қазақстан Ойл Продактс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауытынан 3 мың 755 тонна, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамынан 1 мың 575 тонна жіберілген.

Осы жылы аймаққа 75 мың 661 тонна газ бөлініп, кәсіпкерлер тарапынан, яғни 31 газ желісі ұйымымен коммерциялық сұйытылған мұнай газы сатып алынуда.

– Қазіргі таңда облыста 39 вагон-цистернада 1 мың 404 тонна сұйытылған мұнай газы теміржолмен жөнелтілді. Бұл вагондар жақын уақытта діттеген жерге жетіп, жанаржағармай құю станцияларына толыққанды бөлінеді. Бүгінде өңірде 360 тонна сұйытылған мұнай газының қоры бар. Одан бөлек, Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес бірінші тамыздан бастап Тараз қаласы және оған жақын аудандардағы автогаз толтыру бекеттерінде газдың бағасы бір литр үшін 102 теңге, алшақ орналасқан, яғни 200 шақырымнан асатын бекеттерде 107 теңгені құрады, – дейді Ғалым Исабайұлы.

Сонымен бірге басқарма басшысы қазіргі уақытта облыстағы барлық автогаз құю бекеттерінде газ еркін сатылымда екенін, тапшылық және кезек күтудің байқалмайтынын жеткізді.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ

Тараз қаласы

Ұқсас жаңалықтар