Әр адамның өмірі балалық шағындағы алған әсерлеріне тікелей байланысты. Дүние есігін ашқан сәттен денсаулығына кінәрат таңылған балалар бар. Бұл тағдыр ісі, періште балалардың кінәсі емес. Олардың бала болып бақытты өмір кешуіне, қоғамдағы орнын табуына толық құқығы бар. Өзін он екі мүшесі сау қатарластарынан кем сезінбеуі тиіс. Ол үшін мейірім қажет.
Елімізде биыл 11 мыңнан астам баланың мүгедектігі бар екені анықталыпты. Жалпы мұндай ерекше балаларды нәтижелі бейімдеу мен оқытудың маңызды шарттарының бірі – психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ем алуына қолайлы жағдай туғызу мақсатында Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы жұмыс жүргізеді. 2021 жылы ашылған мекеме 25 орынға арналған.
Орталық 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық ауытқулары бар балаларға қызмет көрсетеді. Талас аудандық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының директоры Назым Сейдалиеваның айтуынша, мекеме мамандары халықты әлеуметтік қорғау саласында жартылай стационарлық жағдайда әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес 8 бағыт бойынша қызмет етеді.
– Атап айтқанда, орталықта бүлдіршін мен жасөспірімдерге әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтікмедициналық, әлеуметтікпсихологиялық, әлеуметтікпедагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтікқұқықтық, әлеуметтік-экономикалық қызметтер ұсынады. Әр маманның өзіне жүктелген міндеттері бар. Айталық, орталықта қызмет алушыларға екі мезгіл тамақ беріледі. Олардың тамақтану тәртібі мен күнделікті қабылдау кезіндегі бақылау, орталықтың тазалық жұмыстарының т а лапқа с ай жүргізілуіне аға мейірбикелер жауапты. Бала – біздің болашағымыз. Мейірім көріп өскен ұрпақтан қамқоршы азамат қалыптасады. Ия, орталықтағы жасөспірімдер тек медициналық көмекке зәру ғана емес, мейірімге де мұқтаж. Оларды сау адамдармен теңестіретін де, өмірге құштарлығын арттыратын да о сы жылылық. Amanat партиясы аудандық филиалы басшылығы, Қаратау қайырымдылық қорының жетекшілері, «Диас» сауда орталығының әкімшілігі балаларға базарлығын беріп, көңілдерін қанаттандырып отырады, – дейді орталық басшысы.
Жартылай стационарлық жағдайында қызмет көрсету мекеменің басты бағытының бірі. Бұл жағдайда 4 сағатқа дейін оңалту қызметтері ұсынылады. Соған сәйкес оңалту іс-шараларын жүргізу және белгілі бір нәтижеге қол жеткізу кезінде дұрыс жоспарлау және жеке көзқарас үшін мамандар топтық қорытынды жасайды. Негізінен мұндай міндеттермен методист, тәрбиешілер, логопед, дефектолог, психолог, еңбек нұсқаушысы сынды мамандар айналысады.
Барлық мерекелерде және балаларды қорғау күніне орай өткізілетін шараны орталықтағы жасөспірімдер асыға күтеді. Қабілеті бар, талабы жоғары өрендерді облыстық деңгейдегі жарыстарға қатыстыруға мүмкіндік беріледі.
Айталық, орталықтың еңбек нұсқаушысы маманы Вероника Балкыбекова «Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық басылымның ұйымдастыруымен өткен «Бояулар құпиясы – Алтын күз» байқауында арнайы марапатқа ие болды. Осы марапатқа орталықтан қызмет алушы балалар Медеу Орынбасаров, Диас Сейсенбаев, Бекболат Қойлыбай, Мерей Сембек те қол жеткізді.
Ерекше баламен жұмыс істеп, оған бар мейіріміңді төге білу оңай емес. Айта берсек орталықта қызмет алатын балалардың қол жеткізген жетістіктері аз емес. Бұл Назым Сейдалиева бастаған ұжымның табанды еңбегі мен тынымсыз ізденісінің нәтижесі деп түсінуіміз керек.
Есет ДОСАЛЫ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




