Мемлекет басшысы жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамытуды жай ғана үрдіс емес, жаһандық бәсекеге қабілетті болудың өмірлік қажеттілігі ретінде бағалады. Президент заманауи цифрлық инфрақұрылым қалыптастыру, жоғары білікті IT-мамандар даярлау, сондайақ цифрлық егемендік пен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету керектігін айтты.
Цифрландырудың игіліктерін қоғамға әділ бөлу мәселесіне де ерекше назар аударылды, технологиялар әрбір азаматтың игілігіне жұмыс істеуі, өмір сапасын арттыруы және білім мен бизнесте жаңа мүмкіндіктер ашуы тиіс.
Бұл Жолдау – еліміздің даму жолындағы с енімді, биік мақсаттарға бағытталған және нақты іске негізделген бағдар. Қазақстан цифрлық экономиканың толыққанды қатысушысы болуға дайын екенін көрсетіп отыр. Ел болашағы – инновацияда, интеллектіде және ілгерілеуде.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметшілерге арнайы әзірленген AI Qyzmet жасанды интеллект негіздеріне арналған курс жүргізілуде.
Бағдарлама жасанды интеллектімен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған.
Толғанай СҮЛЕЙМЕНОВА
Экономика және бизнес магистрі, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының аға оқытушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Түлектердің 20 пайызы жауапты қызметтер атқарып жүр
- 13 қаңтар, 2026
«Жұмыс істей алмасаңыздар, ашық айтыңыздар»
- 12 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




